Саясат • 29 Мамыр, 2024
Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰ ДБ) мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасындағы серіктестіктің 20 жылдығы. Серіктестік БҰҰ Жарғысының қағидаттарына, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті, адам құқықтары мен дамуды ілгерілету жөніндегі мақсаттарға деген ортақ міндеттемеге негізделген.
Инвестиция • 28 Мамыр, 2024
Қытай астанасы Бейжің қаласында «Астана» халықаралық қаржы орталығы сотының және Халықаралық төрелік орталығының әлемдік деңгейдегі жаңа кеңсесінің ашылу рәсімі өтті.
Спорт • 28 Мамыр, 2024
Паралимпиадалық боччадан ел чемпионаты басталды
Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев паралимпиадалық боччадан жыл сайынғы республика чемпионатының ашылу рәсіміне қатысты. Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан жарыста жекелей сыннан бөлек, алғаш рет командалық және жұптық сайыстарда жеңімпаздар анықталады.
Тұлға • 24 Мамыр, 2024
Бүгінгідей алмағайып заманда табиғи қалпын бұзбай, адамдық асыл қасиеттерінен айнымай, уақыт желімен құбылып соқпай, жүзі жарқырап жүріп жатқан жайсаң азаматтар, алғадай ағалар арамызда баршылық. Сондай кісілігі мен кішіпейілділігін тең ұстаған, мені кем, алды кең азаматтардың бірі – белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым, байыпты болмысы мен ерекше зеректігі биік парасат-пайымы, рухани кемелдігі сай жарасқан зиялы тұлға Жапсарбай ҚУАНЫШЕВ.
Шымкент • 14 Мамыр, 2024
«Жер аманатының» жүйелі жұмысы
Шымкент қаласындағы «Кең баба» саябағына тиесілі жердің басым бөлігі заңсыз жекеменшікке берілген. Бұған қоса қаладағы «Ұлы дала» тұрғын үй кешені Жер кодексінің нормаларын бұза отырып салынып жатыр. Бұл туралы «Amanat» партиясы жанындағы республикалық «Жер аманаты» комиссиясы төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлімдеді.
Қоғам • 14 Мамыр, 2024
Ерлікке тағзым – ұрпаққа тағылым
Мәдениет және ақпарат министрлігі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ерлік көрсеткен, майдан даласында қан кешкен, қаза тапқан қазақстандық батыр жауынгерлердің есімдерін ұлықтауға, ұрпақ жадында мәңгі сақтауға арналған жаңа порталды іске қосты.
Қоғам • 02 Мамыр, 2024
Бірлік күні қарсаңында алғаш рет отандық 10 телеарна бірлесіп «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонын өткізді. Елімізде кейінгі 80 жылда болған ең ірі табиғи апат – су тасқынына байланысты ұйымдастырылған тікелей эфир 5 сағатқа жалғасты.
Мереке • 01 Мамыр, 2024
Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні. Айтулы мереке барлық аймақта, алыс аудан, елді мекендерде кең атап өтіледі. Бірлік – Қазақстан халқының өмірлік ұстанымы, әрбір отандасымыз қапысыз қастерлеп, қадірін терең ұғына білуге тиіс басты құндылығы. Ел бірлігі біздің ең қасиетті қазынамыз – Тәуелсіздігіміздің тірегі.
Құқық • 23 Сәуір, 2024
Талапты күшейту – қоғам қалауы
Мемлекет басшысы әйел құқығы мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған заңға қол қойғаннан кейін бірқатар маңызды құжатқа тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді. Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланып жатыр. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату туралы онлайн петицияны 154 мыңнан астам отандасымыз қуаттады. Енді қалың бұқара осы заң қағидаларының орындалуын, қоғамда әділет орнығуын тілейді. Аталған заңдардың жай-жапсарын Әділет вице-министрі Лаура МЕРСӘЛІМОВА да жан-жақты түсіндіріп берген еді.
Тарих • 19 Сәуір, 2024
Келер жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына 80 жыл толады. Осы мерейтойды өз деңгейінде атап өту үшін дайындық жұмыстары қазірден басталып, жоспарлы, жүйелі түрде жүргізілгені жөн. Мемлекет басшысы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда: «Жеңістің 80 жылдығына орай зерттеулер тың қарқынмен жалғасады деп сенемін. Сұрапыл соғыс кезіндегі аға буынның өшпес ерлігі мен ерен еңбегін ұрпақ жадында жаңғырту өте маңызды. Мемлекет бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береді», деп атап өтті.