Жомарт ОСПАН
Жомарт ОСПАН«Egemen Qazaqstan»
117 материал табылды

Энергетика • 01 Қараша, 2023

Энергетика нарығындағы басым бағыт

Тау-кен өнеркәсібінің ең маңызды салаларының бірі уран өндірісі қар­қын­­ды дамып келеді. Кен орындарында жыл сайын 20 мың тоннадан астам уран өн­діріледі. Бұл – дүние жүзіндегі бүкіл уран өндірісі көлемінің шамамен 40 пайызы.

Республика күні • 25 Қазан, 2023

Ұлттың ұлы мұраты

Республика күні – еліміздің барлық азаматтары үшін айрықша тағылымды мереке. Бұл күнді атап өту қоғамды ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік маңызды мәселелер төңірегінде топтастыруға, ел тұрғындарының Әділетті Қазақстан құру идеясына азаматтық қатысу сезімін нығайтуға ықпал етеді.

Инфографика • 25 Қазан, 2023

Экономиканы еңселендірген инвестиция

Инвестициялық саясат – экономика мен өндірістің қалыптасуы мен дамуының қайнар көзі, қуатты құралы. Оған басымдық беру – кез келген мемлекеттің ел басқарудағы басты, берік ұстанымдарының бірі. Мемлекет басшысы кезекті Жол­дауында: «Шетелден тікелей инвес­тиция тарту жұмыстарын барынша жандандыру қажет. Онсыз алдағы уақытта экономикалық өсім резерві шектеулі болады. Бұл – атқарушы билік басымдық беруге тиіс міндеттердің бірі», деп атап көрсетті.

Құқық • 23 Қазан, 2023

Тұтынушы құқын қорғау

Cауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаевтың төрағалығымен тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ве­домствоаралық кеңестің IV отырысы өтті. Оған мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП басшылары және Қазақстан тұтынушыларының респуб­ликалық қауымдастығының өкілдері қа­тысты.

Табиғат • 17 Қазан, 2023

Орманы бардың қорғаны бар

Елімізде жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір үлгісі – орман қорларын қорғау, сақтау, көбейту, қалалы жерлерде, далалы аумақтарда, елді мекендерде түрлі ағаш көшеттерін көптеп отырғызу ісіне кейінгі жылдары мемлекеттік деңгейде маңыз беріліп, көңіл бөлініп келеді. Бапталған бағдарламалар аясында сан салалы шаралар мақсатты түрде жүйелі атқарылып жатыр.

Табиғат • 13 Қазан, 2023

Орман – ел дәулеті, жер сәулеті

Қазан айының үшінші жексенбісінде елімізде Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Орман – біздің баға жетпес байлығымыз, халқымыздың ен дәулеті.

Табиғат • 12 Қазан, 2023

Жаңаарқаның жасыл алқасы

Ежелден ерекше сұлу көркімен, тұлдыр дала төсіндегі оазистей жаратылысымен қалың елді өзіне тарта білген Қараағаш орманы – табиғаттың таңғажайып құбылыстарының бірі. Шағыл құмның үстіне жайқала өсіп шыққан, алыстан-ақ көгілдір мұнарланып, көздің жауын алатын ағаш шоғырлары – аптап ыстық пен шаңды дауылдарда сайын сахараға қорған болып тұрған жасыл қалқан.

Салық • 12 Қазан, 2023

Баж салығы қайта байыпталса

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Үкіметтен күнбағыс дәніне қатысты осы жылдың ақпан айын­да енгізілген баж салығының көлемін қайта қарастыруды талап етіп отыр. Шаруалар аталған салықтың ондаған кәсіпорынды банкроттыққа ұшыратуы мүмкін екенін алға тартады.

Форум • 10 Қазан, 2023

Жасанды зерде және агроөнеркәсіп

ХХІ ғасырда ашылған жаһандық жаңалықтардың ішінде жасанды зерденің жөні бөлек. Ел арасында екіұдай пікір қалыптастырған, соған қарамастан қоғам өміріне дендеп еніп келе жатқан жасанды зерде түбінде адамзат баласының өмір сүру бағытын түбегейлі өзгертеді. Оның ең үлкен пайдасы адам бала­сына түрлі ауыр жұмыстарды атқа­руда жеңілдік жасайды.

Өндіріс • 10 Қазан, 2023

«Қазақстанда жасалған» тауарлар

Мемлекет басшысы 19 сәуірде өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында, сондай-ақ 1 қыркүйектегі Жолдауында елімізде жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құру керектігі жөнінде айтты. Соған орай Үкімет елімізде жасалған тауарлар тізілімін құру мәселесін көтерді.