Жомарт ОСПАН
Жомарт ОСПАН«Egemen Qazaqstan»
166 материал табылды

Басылым • 03 Наурыз, 2024

Басқа басылымдардан: Қазақстан Президентінің Әзербайжанға сапары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурызда Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел хабарлады. Екі күндік сапар барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты құжат­қа қол қою жоспарланған.Әлім Байелдің айтуынша, сапар аясында Қазақстан Президенті Физули қаласына да барып, Құрманғазы атындағы балалар шығармашылық орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ елші Қазақстан басшысының сапары Әзербайжандағы кезектен тыс президент сайлауынан кейінгі шетел мемлекеті басшысының алғашқы сапары болатынын атап өтті.

Мереке • 01 Наурыз, 2024

Ынтымақ пен мейірім мерекесі

Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін танытатын тағылымды мереке. Ризашылық пен мейірім, бейбітшілік пен келісім үйлесім тапқан мерейлі мезет. Бұл мейрам елімізде 2016 жылдан бастап енгізілді. Сол жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының мәжілісінде 1 наурыз Алғыс айту күні болып белгіленді.

Дін • 29 Ақпан, 2024

Мазар салу: Астамшылық па, даңғазалық па?

Кейінгі жылдары ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі дін мен салт-сана, міндет пен парызға қатысты белең алып кеткен кереғар түсініктердің салдарынан діни ғұрыптар жөнінде де түрлі пікір қалыптасып отыр. Соның бірі, мүмкін бастысы – өмірден озған адамның басына орнатылатын бейіт, мазар мәселесі.

Саясат • 26 Ақпан, 2024

Орта державалар: Халықаралық саясаттағы салмағы

Германияның халықаралық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі институты (Stiftung Wissenschaft und Politik – SWP) басып шығарған «Орта державалар – халықаралық саясаттың маңызды субъектілері» атты сараптамалық мақалалар жинағы сарапшылар мен медиа ортада үлкен қызығушылық тудырды. Оның ішінде SWP зерттеуші мамандардың Қазақстанды «орташа әлем державаларының» қатарына қосқаны ерекше назар аудартады.

Басылым • 25 Ақпан, 2024

Басқа басылымдардан: Әзербайжан арқылы мұнай жеткізу

Қазақстан мен Түрік­менстаннан Әзербайжан аумағы арқылы еуро­палық нарықтарға жеткізі­летін мұнай күрт өсті. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері «Баку-Тбилиси-Джейхан» (БТД) құбыры арқы­лы мұнай тасымалдаудың жалпы көлемінің 17,3 пайызын құраған.

Сайлау • 20 Ақпан, 2024

Сайлау жүйесіндегі ауқымды өзгерістер

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Сапарға ОСК хатшысы Мұхтар Ерман және Орталық сайлау комиссиясы аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

Айбын • 19 Ақпан, 2024

Гарнизондар қызметі тексерілді

Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов өңірлердегі әскери инфрақұрылым нысандарын және алдағы оқу-жаттығуларға дайындық барысын тексерді.

Басылым • 18 Ақпан, 2024

Басқа басылымдардан: Келешегі кемел ынтымақтастық

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен келді. Бұл – Қазақстан Президентінің Парсы шығанағындағы елге алғашқы сапары.

Әлем • 13 Ақпан, 2024

Әзербайжан: Ел мен жер тұтастығының жеңісі

Әзербайжанда 7 ақпанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттары негізінде елдің аумақтық тұтастығы, конституциялық құрылымының қалпына келтірілуіне орай ұйымдастырылған саяси науқан жалпыхалықтық сипат алды. Бауырлас мемлекеттегі маңызды іс-шараға Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы тізімімен еліміздің атынан бір топ байқаушы қатысты.

Әлем • 02 Ақпан, 2024

Әзербайжан: Ел дамуының жаңа дәуірі

Әзербайжан Республикасында 2024 жылғы 7 ақпанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Әзербайжан көшбасшысы Ильхам Әлиев мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Әлиевтің қазіргі өкілеттігі 2025 жылы аяқталады, бірақ сайлау осы жылдың ақпан айында өтеді. Бұл шешімнің астарында­ не бар?

Яндекс.Метрика