Елорда • 06 Шілде, 2023
Бас қаланың демографиялық дерек-дәйегі
Астана қаласының тұрғындар саны, табиғи өсімі жыл сайын артып келеді. Еліміздің бас қаласы қазақ даласының қақ төріне көшірілгелі бергі ширек ғасыр ішінде Елорда халқы төрт есеге жуық өскен. 1999 жылғы санақ нәтижесі бойынша Ақмола халқының саны 318 000 адамды ғана құраса, 2016 жылдың 5 шілдесінде, Астана күні қарсаңында қаланың миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. Ал 2022 жылдың 1 қазанында, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы департаментінің дерегіне сәйкес, Астана қаласы тұрғындарының саны 1 340 782 адамға жетті.
Аймақтар • 02 Шілде, 2023
Қарағандыда Ұлттық домбыра күні қарсаңында академик Е.А.Бөкетов атындағы университет аумағында «Күй аллеясы» ашылды. Демалыс орнына Кетбұға, Қорқыттан бастап, халқымыздың біртуар Тәттімбет, Құрманғазы, Ықылас, Әбди, Сембек, Нұрғиса сынды күйші-композиторлардың елге танымал туындыларымен жабдықталған, барлығы 17 орындық орнатылған. Орындықтарға адам жақындаған бетте күй шырқала жөнеледі.
Ауыл • 19 Маусым, 2023
Астанада Ұлттық агроқозғалыстың ұйымдастыруымен «Малшылар күні» мерекесіне арналған «Жыл қорытындысы» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Ауыл шаруашылығы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Мәжіліс депутаттары, сала мамандары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Өнім • 15 Маусым, 2023
Жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері азық-түлік нарығының қомақты бір бөлігін құрайды. Аталған өнім түрлерінің өсірілуі, саудасы, сапасы, бағасы қалың бұқараның, тиісті мекемелердің, арнайы қызметтердің ұдайы назарында, қатаң бақылауында. Үкіметтің ішкі нарықты жеміс-көкөніс өнімімен молықтыру жөніндегі шаралар туралы арнайы қаулысы да бар.
Төтенше жағдай • 12 Маусым, 2023
Өрт – аса қатерлі тілсіз жау. Қай кезде де бұл құбылысқа бейқам қарауға болмайды. Өрт, су сынды айтып келмейтін апаттардан алдын ала сақтану, оған тас түйін дайын болу – күн тәртібіндегі маңызды мәселенің бірі. Осындай қамсыздықтың салдарынан елімізде орны толмас қайғылы оқиға орын алды. Абай облысындағы орман өрті кезінде табиғатқа, қоршаған ортаға, ел экономикасына келтірілген залал, шығын өз алдына, адам өліміне жол берілді. Өртпен күрес кезінде 14 адам тілсіз жаудың құрбаны болды.
Шаруашылық • 12 Маусым, 2023
Бүгінгі күнге келіп түскен облыс әкімдіктерінің жедел деректері бойынша көктемгі дала жұмыстары еліміздің барлық өңірлерінде толық аяқталды. Бұл жөнінде Үкіметтің кезекті отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті.
Ауа райы • 07 Маусым, 2023
Апшыны қуырған аптап ыстық: Оның салдары қуаңшылық әкелмесе игі
Жайдары жаз маусымы басталысымен баршаны, оның ішінде ел экономикасының қомақты бөлігін құрайтын ауыл шаруашылығы мамандарын, мал сүмесіне, жер танабына сіңірген егіс өнімдерінің қайтарымына қараған бейнеткеш қауымды қатты алаңдататын бір мәселе бар, ол – қуаңшылық, құрғақшылық. Биыл мамыр айы жаңбырсыз болды. Маусым қатты ыстықпен басталды. «Қыстағы қар – жерге ырыс, жердегі ылғал – елге ырыс». Қыс айларында қар аз жауды, жерге соншалықты ылғал сіңген жоқ. Сол себепті дала төсі дәл бүгінде жауын-шашынға зәру-ақ.