Басылым • 31 Наурыз, 2024

Басқа басылымдардан: Қазақстанның жаһандық азық-түлік тұрақтылығындағы үлесі

107 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Дүниежүзі тұрғындарының шамамен үштен бір бөлігі әлі де сезініп отырған азық-түлік тапшылығы мәселесін шешу үшін жаһандық азық-түлік тұрақ­ты­лығын қамтамасыз етуге ұмтылады.

Басқа басылымдардан: Қазақстанның жаһандық азық-түлік тұрақтылығындағы үлесі

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қы­тайдың Хайнань провинциясында өткен Боао Азия форумында сөйлеген сөзінде айтты.

«Орталық Азияда бидай өндіру бойынша жетекші ел саналатын Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы саласындағы əлеуетін жаһандық азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін пайдалануға ниетті. Біз мақсатты бағдарламалар жасау, бірлескен агроинновациялық орталықтар құру жəне инновациялық технологиялар трансферті арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға тиіспіз. Ол үшін күш жұмылдыруымыз керек», деді Президент.

 

Транзит-көліктік ынтымақтастықты кеңейту стратегиясы

и

Қазақстан көшбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Хайнань провинциясында өткен Боао Азия форумында Азия елдері арасындағы транзит-көліктік ынтымақтастықты кеңейтудің стратегиялық маңызына тоқталды.

«Қолданыстағы және жаңа көлік бағыттарын дамыту үшін барынша күш-жігер жұмсау аса маңызды. Транскаспий халықаралық көлік бағыты немесе «Орта дәліз» осы санатқа жатады. Аталған көлік бағдары Азия мен Еуропа арасындағы жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін әлдеқайда тиімді қамтамасыз етеді. Былтыр осы бағыттағы жүк тасымалы екі есе артып, 3 миллион тоннаға жетті. Алдағы жылдары бұл көрсеткіш 10 миллион тоннаға жетеді деген болжам жасап отырмыз. Сондай-ақ Қазақстан «Солтүстік – Оңтүстік» дәлізін дамытуда көрші елдермен ынтымақтастық орнатуға дайын», деді Қ.Тоқаев.

 

Сауда рекордтық көрсеткішке жетті

апп

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясында Қазақстан мен Қытайдың екіжақты тауар айналымы тарихи рекордтық көр­сеткішке жеткенін жариялады.

Қазіргі кезде Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы негізгі сауда-экономикалық серіктесіне айналды. «Қытайдың аймақтағы сауда-саттығы мен салған инвестициясының тең жартысы Қазақстанның үлесіне тиесілі. Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард долларды құрады. Бұл – тарихи рекордтық көрсеткіш», деді Қ.Тоқаев.

Былтыр екі ел арасындағы жүк тасымалы 22 пайызға артып, шамамен 30 миллион тоннаға жетті. Осы орайда Президент ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» ауқымды мегажобасын он жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанға жасаған сапары кезінде таныстырғанын да еске алды. Аталған жоба Шығыс пен Батыс арасындағы негізгі көпір қызметін атқарады, ал Қытайдан Еуропаға құрлық жолымен тасымалданатын жүктің 80 пайызы Қазақстан аумағы арқылы өтеді.

«Бұл маңызды артықшылықты біз толыққанды пайдалануға тиіспіз. Біздің өз инвестициямыз да «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен стратегиялық тұрғыдан сабақтас әрі заманауи, мультимодальды, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және орнықты инфрақұрылым құруға бағытталған», деді Президент.

 

Қазақстан KAIYI автомобильдерін шығара бастайды

сми

Қазақстандық «Orbis Manufac­turing» көлік компаниясы Алматының өнеркәсіптік аймағында қытайлық KAIYI брендімен автомобиль шығаратын толық циклді зауыт салуды жоспарлап отыр.

Астанадағы қазақстандық экспорттаушылардың екінші форумында «Орбис Қазақстан» еншілес компаниясы қытайлық «Yibin Kaiyi Automobile Co» компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Біз жетекші Қытай брендтерінің жоғары технологиялық автомобильдерін өндіруді ұйымдастыруға шамамен 72 млрд теңге (160 млн доллар) инвестиция салуды жоспарлап отырмыз», деді «Орбис Қазақстан» компаниясының президенті Сухраб Махмудов.

«Орбис Қазақстанда» қазір өндірістік желінің жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша жұмыс аяқталып жатыр. Зауыттың өндірістік қуаты жылына 80,00 автомобиль деңгейінде жоспарланған. Бастапқыда зауытта 1500 жұмыс орны ашылады.