Құрылтай • 15 Наурыз, 2024

Азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы көпір

167 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Ұлттық құрылтай – Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган. Басты мақсаты – қоғамдық өмірдің түрлі салаларында идеялар мен шешімдер әзірлеу, қоғамдық топтасуды нығайту. Атырау қаласында өтетін үшінші отырыстың күн тәртібі қоғамдық топтасу мен жалпыұлттық құндылықтарды дамытудың түрлі мәселелерін қамтиды.

Азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы көпір

Мемлекет басшысының бас­тамасымен құрылған Ұлттық құрылтай институты – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақтылы көрінісі және азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы көпір қызметін атқарады. Құрылтай арқылы құ­зы­ретті сарапшылар өз бас­та­маларын және азаматтардың тілек­терін мемлекеттік орган­дарға тікелей жеткізуге мүмкіндік алады.

Ұлттық құрылтай қызметінің ма­ңызды аспектілерінің бірі – азамат­тардың әл-ауқатын артты­руға және өмір сүру сапасын, оның ішінде жаппай кәсіпкерлік арқылы жақсартуға бағытталған бастамалар. Мысалы, Жастар сая­саты тұжырымдамасы шең­бе­­рінде жас кәсіпкерлерге жыл­дық 2,5% жеңілдікпен несие беру енгізілді. Сондай-ақ еңбекшілердің елдің дамуына, өркендеуі мен әл-ауқатына қос­қан үлесін тануға ерекше на­зар аударылады. Адал әрі жасампаз еңбек қоғамның негізгі құндылығына айналуға тиіс. Осы жұмыс шеңберінде құрылтай мүшелерінің көмегімен Қоғамда еңбек құндылығы идеология­сын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді, Еңбек күнін мерекелеудің жаңа тәсілдері қабылданды.

Ұлттық құрылтай азаматтық қоғам мен құндылықтар жүйесін дамыту бойынша түрлі іс-шара­лар­ға бастамашылық жасай оты­рып, қазіргі қоғамның сын-тегеу­ріндеріне белсенді түрде ден қояды. Соның бір мысалы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау жөніндегі түзетулерге бастама жасалды. Түзетулердің көпшілігі Қазақ­стан­да әйелдер мен бала­ларға қатыс­ты қылмыстар үшін жауап­тылықты қатаңдатуға бағыт­­тал­ған.

Ұлттық құрылтай мүше­ле­рінің ұсыныстары негізін­де На­ша­қорлыққа және есірткі биз­не­сіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жос­пары бекітілді. Сонымен қатар Оқушылар мен жастар ара­сында электронды темекі – вейпті тұтынудың алдын алу жө­ніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы, 2023-2024 оқу жылына арналған бала­лардың құмар ойындарға және компьютерлік ойындарға (лудо­мания) тәуелділігінің алдын алу бойынша жол картасы қабыл­дан­ды.

Ақпараттық технология­лар­дың дамуы аясында азаматтардың медиа кеңістіктегі қауіпсіздігі стра­тегиялық маңызға ие. Осы тұрғыда, Ақпараттық доктринаны іске асыру жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді. Бала­лар­ды қалаусыз контенттен, кибер­буллингтен және басқа да ақпараттық қауіптерден қор­ғауды қамтамасыз етуге бағыт­тал­ған «Балалар – интернет – медиа қауіпсіздік» жол картасы қабылданды.

Елімізде Волонтерлікті да­мы­тудың 2021-2023 жылдар­ға арналған жол картасы қа­был­данған. Волонтерлікті қол­­­дау азаматтық қоғамның да­муы­­на ықпал етеді, өйткені ерік­ті­лер әртүрлі қоғамдық және қайы­рымдылық бастамаларға бел­сенді қатысып, азаматтардың сенімі мен қоғамдық проблемаларды шешуге деген ынтасының артуы­на ықпал етеді.

Талдау және зерттеу ұйым­да­ры медицина, технология, экономика сынды түрлі салаларда қолдануға болатын жаңа білім мен технологияларды құруда шешуші рөл атқарады. Осы орайда Ұлттық құрылтай мүше­ле­рінің ұсынымдары негізінде қабылданған Талдау және зерттеу ұйымдарын дамыту жөнін­де­гі жол картасы – инновацияларды ынталандыру, білім мен ғылымды дамыту, сондай-ақ қоғам мен экономиканың өзекті проблемаларын шешу үшін ма­ңыз­ды қадам.

Ұлттық құрылтай мүшелері елдің әлеуметтік-мәдени дамуына, білім беруге, ұлттық және мә­дени мұраны сақтауға да жіті назар аударып отыр. Атап айтқанда, Қазақстан Респуб­ликасында тіл саясатын дамы­ту­дың 2023-2029 жылдарға ар­налған тұжырымдасын бекіту елдегі көптілділікті қолдау мен дамытуға, қазақ тілін сақтауға және ілгерілетуге негіз болады. 7 томдық «Ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы» академиялық басылымын дайындау тарихи мұраны сақтау және елдің өткені туралы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін маңызды. «Бірыңғай тәр­бие бағдарламасын» әзір­леу, «Балалар кітапханасы» бағ­дар­ламасын бекіту және 1 770 кітаптан ұсынылатын көркем әдебиеттер тізімін қалыптастыру мәдениеттің дамуына cептігін тигізеді.

Әлеуметтік және инженер­лік инфрақұрылымды жаң­ғыр­ту есебінен «Ауыл – ел бе­сігі» жобасын іске асыру өңір­­лердің теңгерімді дамуы­на, ауылдық аумақтардың әлеу­мет­тік-экономикалық әле­уе­тін нығайтуға және қалаларға көші-қон ағындарын азайтуға жәр­демдеседі.

Ұлттық құрылтай мүшелерінің елдің мәдени және зияткерлік әлеуетін нығайтуға бағытталған бас­та­малары да біршама. Мы­салы, «Кинематография туралы» заңға түзетулер әзірлеу және фильмдер мониторингінің бір­ыңғай ақпараттық жүйесін құру кинематографиялық ин­дус­­трия­ның дамуына және өнді­рілетін фильмдердің сапасын арттыруға ықпал етеді. Сондай-ақ Парламентте өңірлік рәміз­дер­ді реттеу жөніндегі заң жобасы қаралып жатыр. «Әзірет Сұлтан» тарихи-мәдени қорық-музейіне «Ұлттық» мәртебесін беру елдің тарихи және мәдени игіліктерінің маңыздылығын нығайтады.

Ұлттық құрылтай – бұл өз жұмысын түрлі форматтарда жү­зеге асыратын тұтас қоғамдық инс­титут. Ұлттық құрылтайдың ресми сайты және әлеуметтік желі­лерде аккаунттары бар. «Хабар» телеарнасында 2023 жыл­дан бастап түрлі өңірлерді қосумен «Ұлт­тық құрылтай» арнайы бағ­дар­ламасы көрсетіліп келеді. Бүгінгі күні 10 бағдарлама эфирге шығып, онда елдің дамуына ықпал ететін түрлі бастамалар тал­қы­ланды.

Құрылтайдың бірінші және екінші отырыстарында айтылған Ұлттық құрылтай мүшелерінің ұсы­ныстарын қараудың қабыл­данған жоспарлары – мемле­кет­тің жұртшылықтың пікіріне назар аударатынының нақты дәлелі. Бұл ұсыныстарды мүд­делі мемлекеттік органдар тың­ғылықты қарастырды. Cөй­тіп, тал­қыланған идеялар мемле­кет­тік органдардың ел азамат­та­ры­ның сұраныстарын іске асыру жөніндегі жұмыс бағыттарына айналды.