Экспорт • 07 Наурыз, 2024
Мұнай транзитінің көлемі артады
Қазақстан «Ақтау – Баку – Тбилиси – Жейхан» бағытындағы мұнай транзитін биыл 1,5 млн тоннаға жеткізбек. Бұл жөнінде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Баку қаласында әріптесі – Әзербайжанның Энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен кездесуі кезінде мәлімдеді.
Басылым • 03 Наурыз, 2024
Басқа басылымдардан: Қазақстан Президентінің Әзербайжанға сапары
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 наурызда Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел хабарлады. Екі күндік сапар барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы ынтымақтастық туралы бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланған.Әлім Байелдің айтуынша, сапар аясында Қазақстан Президенті Физули қаласына да барып, Құрманғазы атындағы балалар шығармашылық орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ елші Қазақстан басшысының сапары Әзербайжандағы кезектен тыс президент сайлауынан кейінгі шетел мемлекеті басшысының алғашқы сапары болатынын атап өтті.
Мереке • 01 Наурыз, 2024
Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін танытатын тағылымды мереке. Ризашылық пен мейірім, бейбітшілік пен келісім үйлесім тапқан мерейлі мезет. Бұл мейрам елімізде 2016 жылдан бастап енгізілді. Сол жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының мәжілісінде 1 наурыз Алғыс айту күні болып белгіленді.
Дін • 29 Ақпан, 2024
Мазар салу: Астамшылық па, даңғазалық па?
Кейінгі жылдары ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі дін мен салт-сана, міндет пен парызға қатысты белең алып кеткен кереғар түсініктердің салдарынан діни ғұрыптар жөнінде де түрлі пікір қалыптасып отыр. Соның бірі, мүмкін бастысы – өмірден озған адамның басына орнатылатын бейіт, мазар мәселесі.
Саясат • 26 Ақпан, 2024
Орта державалар: Халықаралық саясаттағы салмағы
Германияның халықаралық және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі институты (Stiftung Wissenschaft und Politik – SWP) басып шығарған «Орта державалар – халықаралық саясаттың маңызды субъектілері» атты сараптамалық мақалалар жинағы сарапшылар мен медиа ортада үлкен қызығушылық тудырды. Оның ішінде SWP зерттеуші мамандардың Қазақстанды «орташа әлем державаларының» қатарына қосқаны ерекше назар аудартады.
Басылым • 25 Ақпан, 2024
Басқа басылымдардан: Әзербайжан арқылы мұнай жеткізу
Қазақстан мен Түрікменстаннан Әзербайжан аумағы арқылы еуропалық нарықтарға жеткізілетін мұнай күрт өсті. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері «Баку-Тбилиси-Джейхан» (БТД) құбыры арқылы мұнай тасымалдаудың жалпы көлемінің 17,3 пайызын құраған.
Сайлау • 20 Ақпан, 2024
Сайлау жүйесіндегі ауқымды өзгерістер
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысына барды. Сапарға ОСК хатшысы Мұхтар Ерман және Орталық сайлау комиссиясы аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.
Айбын • 19 Ақпан, 2024
Гарнизондар қызметі тексерілді
Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов өңірлердегі әскери инфрақұрылым нысандарын және алдағы оқу-жаттығуларға дайындық барысын тексерді.
Басылым • 18 Ақпан, 2024
Басқа басылымдардан: Келешегі кемел ынтымақтастық
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен келді. Бұл – Қазақстан Президентінің Парсы шығанағындағы елге алғашқы сапары.
Әлем • 13 Ақпан, 2024
Әзербайжан: Ел мен жер тұтастығының жеңісі
Әзербайжанда 7 ақпанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттары негізінде елдің аумақтық тұтастығы, конституциялық құрылымының қалпына келтірілуіне орай ұйымдастырылған саяси науқан жалпыхалықтық сипат алды. Бауырлас мемлекеттегі маңызды іс-шараға Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы тізімімен еліміздің атынан бір топ байқаушы қатысты.