Қоғам • 02 Шілде, 2024

Медицина қызметкерлерінің өтініші

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжіліс депутаттары Нұргүл Тау, Ринат Заитов, Ирина Смирнова, Гаухар Танашева Алматы қалалық кардиология орталығы мен Ақсай балалар орталығы ұжымдарымен кездесті.

Медицина  қызметкерлерінің өтініші

фото:qazaquni.kz

Депутаттар С.Ас­фен­дияров атындағы Қазақ ұлт­­тық ме­дицина университе­ті­нің құра­мы­на кіретін Ақсай балалар орта­лығына барды. Бұл – 70 жыл­дық тарихы бар ең байырғы көп­са­лалы балалар емдеу-диагнос­тика­лық мекемелерінің бірі.

Кейінгі жылдары клиниканың техникалық базасы кейбір меди­циналық жабдықтар ішінара жаңартылды, мамандар шетелде біліктілігін арттырды.

Алайда шешімін таппай тұрған өзекті мәселе – кеңес заманынан қалған ескі ғимарат.

– Бұл жерде жоғары білікті ма­мандар жұмыс істейді. Біз бұл емхананы жөндеуге қаржы бөлу туралы мәселені көтереміз, – деді «Res­publica» фракциясының мү­шесі, Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау.

Ал депутаттардың қалалық кар­­диология орталығына ат ба­сын бұ­руына ондағы медици­на­лық қыз­мет­керлерді жұмыстан шыға­руға байланысты ұжым­дық өтініш себеп болды. Орта­лық­тың бас директоры Роза Қуа­ныш­бекованың айтуынша, меке­ме­нің қомақты дебиторлық берешегі болған. Алайда қазір жағдай өзгеріп, табыс табу мүмкіндігіне ие болды.

Қазақстан Халықтық партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева атап өткендей, сайлаушылар өтініші назардан тыс қалмайды және қызметкерлер заңсыз жұмыстан шығарылған жағдайда міндетті түрде тиісті шаралар қабылданады.