
Жоба • 02 Наурыз, 2023
Алғыс айту күні қарсаңында Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Әйел және өнер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Әдебиет • 01 Наурыз, 2023
Әдебиетте қысқа жазудың әдемі үлгісін көрсеткен, әрине, Чехов. Сонысымен жазуда ерекше құбылысқа баланған Чехов ақсақалды әлем әмсе сүйіп оқыды, қазақ оқырманы да жақын тартты. Бүгінгі даңқына жазушылықтың тәтті азабымен жеткен қаламгер «чеховский интеллигент» түсінігін тірідей көрсетіп һәм оның алғашқы зиялысы да өзі болды.
Руханият • 24 Ақпан, 2023
Кез келген шығармашыл жанның жүрек түкпірінде бүлкілдеп жүрген бір ойы, яки тақырыбы болса керек. «Бәрін түгесіп, тауысып жаздым» деген ешкім жоқ. Қалам ұстаған әр адамның әйтеуір бір жазары бар.
Өнер • 22 Ақпан, 2023
Ел астанасында енді балалар ғана емес, сондай-ақ ересектер де театрлық қолөнерді үйрене алады. «Астана Опера» театрында киім үлгілеу мен ағашқа өрнек салу курстарына қабылдау басталмақ. Ниеттенген кез келген жанға жасына қарамастан театр қызметкерлері қатарындағы тәжірибелі ұстаздардың жетекшілігімен өздерінің шығармашылық әлеуетін ашып, айрықша дағдыларды меңгеруге мүмкіндік туды.
Әдебиет • 16 Қаңтар, 2023
Өнерде тарихты тақырып еткен суретшілер легі, әрине, Әбілхан Қастеевтен басталады. Қазақ даласындағы күйзелістерді шебер суреттеп, күллі одақты шулатқан Қанапия Телжановтың туындыларының өзі де бір дәуірдің даусына айналды. Кейінгі толқын Ерболат Төлепбаев, Бексейіт Түлкиев, Мұхит Қалымов, Жұмақын Қайранбаев, басқа да авторлар тарихи тақырыпта жазып жүргенін білеміз. Тіпті өнерге келген әр суретшінің осы кезеңнен өтуі заңды секілді. Бүгінгі кейіпкеріміз – Суретшілер одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты Толқын Табысбек те қылқаламына ұлт тарихын тақырып етіп жүр.
Әдебиет • 14 Қыркүйек, 2021
Әдебиет • 07 Қыркүйек, 2021
Қоғам • 27 Тамыз, 2021
Ақиқатында, көркемөнер адам таңдамайды, ешкімді алаламайды. Өнерге әркім әртүрлі жолмен келеді. Біреулер талантын шыңдап, өнерге қызығушылықпен аяқ басады: қалағанынша еркін айналысады. Енді біреулер әлемге деген іштегі қарсылығын өнер арқылы көрсеткісі келеді. Жанкештілікпен айналысады. Мұндай тағдырлы жандардың қатары көп емес. Әлқисса.
Әдебиет • 30 Шілде, 2021
Биылғы Букер сыйлығының лонг-тізімі жарияланды. Марапатқа ұсынылған 158 шығарманың 13-і іріктелген ұзын тізімге енді. Оның ішінде жақында ғана орыс тілінде жарыққа шыққан Нобель сыйлығының лауреаты Кадзуо Исигуроның «Клара мен күн» романы бар.
Өнер • 14 Шілде, 2021
Леонардо да Винчи картинасы £8,9 миллионға сатылды
Christie’s аукционында Леонардо да Винчи салған аю басының нобайы сатылды. Оны 8,9 миллион фунтқа (шамамен 12,3 млн АҚШ доллары) сатып алды. Айта кетейік, бұл – итальян суретшісінің туындысы үшін рекордты қаржы.