
Өнер • 29 Қаңтар, 2025
«Астана Опера» сахнасында Nomad Inspiration бағдарламасының премьерасы өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған кеш балетмейстер Сұлтанбек Ғұмардың заманауи хореографиялық жұмыстары мен «HasSak» этно-фольклорлық ансамблінің бірегей аспаптық музыкасын біріктірген нағыз шығармашылық тәжірибеге айналды.
Көрме • 28 Қаңтар, 2025
Президент орталығында Көркем академияның корреспондент-мүшесі Ақжан Әли мен белгілі аустралиялық суретші Джеральд Флориан Месснердің «Біз біргеміз!» атты бірлескен көрмесі ашылды. Бұл вернисаж бірлік пен жасампаздықтың символына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналады.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2025
Ұлттық музейде А.Ғ.Ибраева, С.З.Мәлікова, З.С.Тайшыбайдың «ХХ ғасыр басындағы Солтүстік Қазақстан: Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі» монографиясы мен А.Ғ.Ибраева, С.З.Мәлікова, З.С.Тайшыбай, А.Темірханова құрастырған «Қазақстанның Солтүстік өңіріндегі Алаш қозғалысы мұрағат деректерінде» мұрағаттық құжаттар және материалдар жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.
Өнер • 25 Қаңтар, 2025
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында Миландағы Джузеппе Верди музыкалық консерваториясының академиялық вокал кафедрасының профессоры, баритон Деметрио Колачи «Бельканто техникасы және опера партияларын интерпретациялау» атты шеберлік сабағын өткізді.
Жоба • 22 Қаңтар, 2025
Сахна сыртындағы шығармашылық өмірдің қыр-сыры театрсүйер көрерменге беймәлім. Біздің көретініміз – қаншама еңбек, талант, қажыр-қайрат пен дайындықтың, қайталаудың, ширығу мен шарықтау нәтижесінен туған көркем дүние. Ал осы көрген жанның көңілін баурап, көзін әсемдікке тойдыратын бекзат өнердің сахна шымылдығы ашылғанға дейінгі қым-қуыт тіршілігі, мың-сан мәселесі, азан-қазан өмірі көрермен үшін жұмбақ әлем болып қала береді.
Басылым • 18 Қаңтар, 2025
Ұлттық кітапхана төрінде белгілі шығыстанушы, аудармашы, PhD Нияз Тобыштың «Иран қазақтары» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Аталған еңбек Иран қазақтары туралы жазылған бірнеше туындының басын құрайтын шағын энциклопедия үлгісінде жасалған. Тағдыр тауқыметін тартқан маңғыстаулық қазақтардың тілі бөлек, салты бөтен жат жерде өмір сүріп, қалай тілі мен салтын сақтап, ұлттық болмысын жоғалтпай жүргенін суреттейді. Қилы заманда әлемнің әр бұрышына тараған қазақтың туған топырақтан жырақтағы өмірін баяндайды.
Жоба • 18 Қаңтар, 2025
Көптің көзайымына айналған оқушылар арасындағы «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны телеэкрандарға жаңа форматта қайта оралады. «Хабар» агенттігі мен республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығы бірлесіп, мегажобаны қайта жаңғыртуға кірісіп отыр. Интеллектуалдық ойын көктемнен бастап «Хабар» арнасынан көрсетілмек.
Байқау • 16 Қаңтар, 2025
Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық кітап» республикалық байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Дүбірлі дода Ұлттық кітап күні мерекесіне орай өткізіледі.
Кино • 07 Қаңтар, 2025
Былтыр Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен 17 жобаның өндірісі аяқталған еді. Атап айтсақ, «Қайрат», «Игроманка», «Капитан Байтасов», «Qaitadan», «Фейковый арман», «Мангистау – край океана Тетис», «Күн ұясына батқанда», «Үміт әрдайым жанымызда», «Шырмауық», «Осенний бриз», «Граждане крыши», «Құт», «Мы здесь живем», «Победителей видно на старте», «Здравствуй, добрый человек», «Соңғы парыз» фильмдері бар. Ал «Алан туралы аңыз» ауқымды анимациялық жоба болғандықтан осы жылы аяқталмақ.
Мәдениет • 20 Желтоқсан, 2024
Эстония және Финляндия елдерінде Қазақстан Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай Астана қаласының мәдени күндері өтті. Таллин және Хельсинки қалаларында ұйымдастырылған мәдени-сазды кештерге Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония ұжымдары мен солистері, Франциядан арнайы келген скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Бисенғалиев қатысты.