Тәрбие • 07 Наурыз, 2024
«Тәрбие – тал бесіктен» десек те...
Жыл басынан бері Қызылорда облысында мектеп оқушылары арасындағы төбелестен 2 баланың өмірі қиылды. Әуелгісі қаңтар айында Сырдария ауданындағы Аманкелді ауылында болды. Арада ай өткенде дәл осындай жағдай Қызылорда қаласының іргесіндегі Белкөл кентінде қайталанды. Бұл жолғы құрбан – кенттегі № 189 орта мектептің 9-сынып оқушысы. Он бірінші ақпан күні түс ауа сабақтан шыққан бала үйіне жете алмай қалды. Өзінен бір сынып жоғары оқитын баладан алған соққыдан көпқабатты үй алдында үзілген 16 жасар бозбала өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалып, 12 ақпанда ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыдан кейін айдың-күннің аманында бала өліміне жол берген мектеп басшылары мен олардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қызметінен босатылды.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2024
Қызылордада Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ауыл шаруашылығы құрылымдары өкілдерімен кездесіп, вегетация кезеңіндегі болжамды су көлеміне сәйкес егін егу мәселесін талқылады. Кездесуге су үнемдеу технологияларын қолдануда тәжірибесі бар кәсіпорын өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың, су шаруашылығы ұйымдарының, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары қатысты.
Форум • 04 Наурыз, 2024
Қызылордада «Анаға тағзым» республикалық Аналар форумы өтті. Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева, Парламент Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов, аталған комиссияның мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, өңірлерден келген делегациялар, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, көпбалалы аналар, ұстаздар, облыстың зиялы қауымы, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Қоғам • 04 Наурыз, 2024
Журналистиканың өзекті тақырыбы
Қызылордадағы «Болашақ» университетінде «Қазақ журналистикасының өзекті мәселелері» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Оқу орны мен жергілікті «Сыр медиа» ЖШС бірлесіп ұйымдастырған басқосуды университет құрылтайшысы, академик Бақберген Досманбетов ашып, саланың өткені мен бүгіні және алда тұрған мәселелер турасында әңгіме өрбітті.
Аймақтар • 29 Ақпан, 2024
Қызылордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушылары Алуа Едігеева мен Азиза Жақыпбек «Naqyl söz» атты қосымша ойлап тапты.
Маман • 29 Ақпан, 2024
Осыдан 20 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда қазіргі медицина әлдеқайда алға басты. Осы күні облыс, аудан орталықтарынан бөлек ауылдарда да жаңа емханалар салынып, халықтың саулығын сақтаудың аясы кеңейді. Әрине, бұрынғы мен бүгінгіні салыстырғанда әуелгі әңгіме маманнан басталатыны даусыз.
Халық • 28 Ақпан, 2024
Сол жолы тоғыз жасар балаға осы бір ұзын-шұбақ теміржол таусылмайтындай, бар өмірі осы эшелонда өтетіндей көрінген еді. Қайда табан тірері, алда не күтіп тұрғаны беймәлім, ара-тұра шет-шегі жоқ далаға қарап көз талдырып келе жатқандарына әлденеше күн болған.
Сенат • 27 Ақпан, 2024
Сырда сенаторлар талқылаған су мәселесі
Кеше Қызылордада Сенаттың Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің «Су ресурстары: сумен тұрақты қамтамасыз етудің мәселелері мен перспективалары» атты көшпелі отырысы өтті.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2024
Былтыр осы уақытта Сырдария өзенінен облыс аумағына 551 текше метр су келіп тұрса, биылғы көлем одан әлдеқайда аз – небәрі 180 текше метр. Бірақ ауа райы қысқа күнде қырық құбылып тұрған қазіргідей сәтте дарияға сенім жоқ. Сондықтан да қыстың көктемге ұласар сәтінде кездесіп қалар осындай оқыс оқиғаларға аймақтағы төтенше жағдай мамандары, қала мен аудан әкімдіктері тас-түйін дайын отырады.
Оқиға • 13 Ақпан, 2024
Белкөлде мектеп оқушысы қайтыс болды
Кеше Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерлері қалаға қарасты Белкөл кентіндегі медициналық мекемеге бір оқушының мәйіті жеткізілгендігін, оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатқанын хабарлаған еді.