Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ
Мұрат ЖЕТПІСБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1539 материал табылды

Экология • 02 Маусым, 2020

Сырдағы егін сусыз қалуы мүмкін

Соңғы 4-5 жылдың көлемінде Қызылорда облысында күріштік алқаптар айтарлықтай ұлғайды. Ел несібесінің артқаны қуантады-ақ, бірақ жыл сайын арнасы тарылып, деңгейі төмендеп келе жатқан дарияның жағдайын да ойлағанымыз жөн. Әсіресе бұл мәселе «Қазсушар» РМК облыстық филиалы мамандарын қатты алаңдатып отыр. Олардың дабыл қағатындай-ақ жөні бар. Мысалы, былтыр осы уақытта «Шардара» су қоймасына жоғарыдан секундына 568 текше метр су түсіп тұрған, ал қазір оның көлемі бес еседен астам азайып, бүгінде 100-ақ текше метр түсіп тұр. Өткен жылдың осы мезгілінде «Көксарай» су реттегішінде 1 млрд 958 млн текше метр су жатқан, қазір ондағы су көлемі бар болғаны 877 млн текше метр ғана. Екі қоймадағы су былтырғы мөлшерден 1,9 млрд текше метрге аз.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Қызылорда полицейлері балаларды құттықтады

Бүгін Қызылорда облысының Полиция департаменті мен қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері «Жан» қоғамдық қорымен бірлесіп,  сегіз жылдан бері өздері қамқорлыққа алған «Аналар үйі» дағдарыс орталығына  барып, балаларды құттықтады.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

«Қарасора-2020» арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Қызылорда облысы көлемінде «Қарасора-2020» республикалық арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Қызылордада ертең қатты ыстық болады

Соңғы күндері Қызылорда облысының аумағында ауа температурасы көтеріліп тұр. «Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше бүгін 41 градус болды. Десе де, кей жерлерде одан да асып кеткені байқалады.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Еріктілер балаларды құттықтады

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Волонтерлік орталығының мүшелері «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Арал қаласы мен Сексеуіл кентінде тосқауыл бекеттері сақталады

Арал ауданында эпидемиологиялық ахуал күрделі болып тұр. Соңғы тәулікте 17 аудан тұрғынының вирус жұқтырғаны анықталды.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Балалар ауруханасына асхана жабдықтарын тарту етті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облысы Полиция департаменті «Балаларға жылу сыйла» атты қайырымдылық шара ұйымдастырды. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Мемлекеттік қызметкер жұмыстан уақтылы қайтуы тиіс

Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің артық жұмыс істеу фактілері талқыланды. Кеңес алдында Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғалымжан Орынов есеп берді.

Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Қызылорда облысы: Полицейлер мен еріктілер марапатталды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы жетпіс сегіз тәулік бойы төтенше жағдай режімінің сақталуын қатаң қадағалады. Олар медицина қызметкерлерімен, Ұлттық ұлан сарбаздарымен және еріктілермен бірлесіп жемісті қызмет етті.  

Аймақтар • 31 Мамыр, 2020

Сүндет Байғожин – Қызылорда облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметіне Сүндет Байғожин тағайындалды. Бұл туралы бүгін әкімдіктің ресми парақшасында хабарланды.