Спорт • 08 Наурыз, 2024
Әлемдік лицензиялық турнир: Бүгін төрт боксшымыз жарыс жолына шығады
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан бокстан Әлемдік лицензиялық турнирде бүгін Алуа Балқыбекова мен Наталья Богданова алғашқы айқастарын өткізеді, ал Махмұд Сабырхан мен Нұрбек Оралбай екінші кездесулеріне шығады, хабарлайды Egemen.kz Бокс федерациясына сілтеме жасап.
Сенат • 08 Наурыз, 2024
Мәулен Әшімбаев: Аналарымыздың ақ тілегі жарқын күндерге жетелейді
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Наурыз, 2024
Олимпиадаға жолдама: Асланбек Шымбергенов екінші жеңісіне қол жеткізді
Италияның Бусто-Арсицио қаласында бокстан өтіп жатқан лицензиялық турнирде Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов екінші рет жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Наурыз, 2024
Мәжіліс Төрағасы 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 08 Наурыз, 2024
Премьер-министр мереке иелерін құттықтады
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2024
Ерекше құттықтау погондағы ханымдарға мерекелік көңіл-күй сыйлады
Павлодар облысы полицейлері әріптестерін 8 наурыз мерекесімен құттықтау іс-шарасында «Блонди» есімді ит өз үлесін қосқан екен. Аталған ерекше жайтты Polisia.kz сайты мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Қазақстанда мектеп психологтарының мәртебесін көтеру ұсынылды
Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев мектеп психологтарының мәртебесін көтеру мәселесін көтеріп, Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Қазақстанның экологиялық тиімділік көрсеткіші әлсіреді – сенатор
Елдегі өзекті экологиялық мәселелерді қозғаған сенатор Советбек Медебаев Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдап, ауаның, судың, топырақтың шамадан тыс ластану проблемаларын назарға алуды сұрады. Оның айтуынша, Қазақстан кейінгі жылдары 180 елдің арасында экологиялық тиімділік рейтингінде 93-інші орынға түсіп, Намибия, Габон, Зимбабве сияқты елдердің де артында қалған, ал жасыл желекке бөленген елдер рейтингісі бойынша 78 елдің ішінде 72-нші орында тұр. Бұл туралы Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Ғылыми диссертацияларды бағалау шарттары өзгеруі мүмкін
Сенатор Қайрат Тастекеев өзінің депутаттық сауалын вице-премьер Тамара Дүйсеноваға жолдап, PhD диссертациясын қорғау барысында докторанттардың тап болатын мәселелері туралы айтты. Докторанттардың көбі халықаралық Scopus дерекқорында мақаласы жарияланған кезде қиындыққа тап болады. Бұл олардың диссертациясын қорғауды қиындатады. Соның кесірінен 2011 жылдан 2022 жылға дейін 10 276 докторанттың 4 497-сі ғана қорғай алған. Олардың көбі халықаралық ғылыми басылымдарда мақаласының болмауына байланысты қорғауға жете алмаған, докторанттардың 93,5%-ы мемлекет есебінен оқыған, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сенат • 07 Наурыз, 2024
Сенаторлар трансферттік баға белгілеу мәселелері туралы заңды мақұлдады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қарап, мақұлдады. Бұл заң Қазақстанның негізгі экспорттық позицияларының баға белгілеуіне бақылауды күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.