Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
2663 материал табылды

Аймақтар • 29 Наурыз, 2024

Су тасқыны: Ұлытау облысында жағдай бақылауға алынды

Қазіргі уақытта Қарсақбай кентіндегі судың деңгейі қалыпты. Десе де өңірдегі ахуалды өз деңгейінде ұстап тұру үшін штаб кезекшілігі үздіксіз жұмыс істеп тұр. Бұл ретте Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы тарапынан ахуалды қатаң бақылауда ұстаудан бөлек, халықты алдын ала хабардар етіп отыру жұмыстары тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2024

Абай облысында эвакуацияланғандар үйлеріне оралды

Өңірде еріген қар суы салдарынан бөгеттер мен елді мекендерді су басқаны мәлім. Қызыл су жүрген Аягөз, Ақсуат аудандарының тұрғындары арнайы эвакуациялау пунктеріне орналастырылған еді. Бүгін аудан халқы үйлеріне оралды. Жарма және Аягөз ауданындағы су басқан ауылдарға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев арнайы барды, деп хабарлайды Egemen.kz Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 29 Наурыз, 2024

Премьер-министр: Бұл – соңғы жылдардағы ең үлкен су тасқыны

Премьер-министр Олжас Бектенов ТЖМ-нің Дағдарыстық жағдайларда басқару орталығында Төтенше жағдайлар министрінің есебін тыңдады. Аумақтық ТЖД-лар бейнеконференцбайланыс режимінде қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 29 Наурыз, 2024

Өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Абай, Ақмола облыстарында 4 694 адам, оның ішінде 1 682 бала құтқарылды. Бұл ретте әуе кемелерімен 447 адам, оның ішінде 180 бала эвакуацияланды. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 29 Наурыз, 2024

Аягөз өзені іргесіндегі үйлерден 172 адам эвакуацияланды

Абай облысы Аягөз ауданындағы өзен суының деңгейі көтеріліп кетіп, өзен іргесінде орналасқан Төлендин көшесіндегі 43 жеке тұрғын үйден 172 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 28 Наурыз, 2024

Париж-2024: Ауыр атлетикадан жолдама алуға мүмкіндік бар ма?

Ауыр атлетикадан 31 наурыз – 11 сәуір аралығында Таиландта Париж Олимпиадасына лицензиялық ұпай жинауға мүмкіндік беретін Әлем кубогі өтеді. Sportqazaq хабарлағандай, Айнұр Әбдіхалықова мен Сергей Петровичте жолдама алу мүмкіндігі жоғары, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 28 Наурыз, 2024

Ұлттық құндылықтар бойынша жұмыстарды жүйелейтін комиссия құру ұсынылды

Үкімет басшысының атына ұлттық құндылықтарды ілгерілету мәселелері туралы депутаттық сауал жолдаған сенатор Сәкен Арубаевтың пікірінше, қазіргі отандастарымыз тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен одан әрі дамуына елеулі үлес қосқан батырлар мен тұлғалардың өмір тарихынан бейхабар. Себебі, тәуелсіздік жылдарында аталған бағытта нәтижелі мемлекеттік бағдарлама мен кешенді даму жоспары қабылданбаған, деп жазады Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат • 28 Наурыз, 2024

ЕАЭО шеңберінде тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заң мақұлданды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарап, депутаттық сауалдарын жолдады. Отырыс барысында депутаттар «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 28 Наурыз, 2024

«Ұлы жібек жолы» турнирі: Бүгін 5 боксшымыз алтынға таласады

27 наурызда Әзербайжан елінің бас қаласы Бакуде бокстан өтіп жатқан халықаралық турнирде Астана уақытымен сағат 16:30 - 19:45 аралығында жартылай финалда жұдырықтасқан 4 боксшымыз да жеңіске жетіп, байрақты бәсекенің финалына шыққан еді, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет • 28 Наурыз, 2024

Премьер-министр «Петропавл», «Сергеев» су тораптарының жағдайын тексерді

Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалу барысымен танысу үшін Премьер-министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Үкімет басшысы бағдарлама шеңберінде коммуналдық-энергетикалық сектор және жол инфрақұрылымы нысандарының, сондай-ақ бірқатар жеңіл және өңдеу өнеркәсібінің, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы машина жасау кәсіпорындарының жұмысымен танысатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.