Шыңғыс МҰҚАЕВ
Шыңғыс МҰҚАЕВ«Egemen Qazaqstan»
2529 материал табылды

Экономика • 03 Қаңтар, 2024

2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін екі есе ұлғайта аламыз – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында 2029 жылға қарай ұлттық экономиканың көле­мін екі есе арттырып, 450 миллиард долларға жеткізу көзделгені туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент • 30 Желтоқсан, 2023

Мемлекет басшысына мерекелік құттықтау жеделхаттары келіп жетті

Президенттің атына Жаңа жыл мерекесіне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан құттықтаулар келіп жатыр. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп  жазады Egemen.kz.

Таным • 30 Желтоқсан, 2023

Жанақ Сағындықұлы: Халық – қазына, хан – қақпа, батыр – қорған

Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Авторлық тұжырым ретіндегі қысқа әдеби туынды. Көркем кестеленген нақыл сөз. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстар мен адамдардың іс-қимылына, мінезіне деген көзқарастағы анықтық, пікір жинақтап қорыту мен түйін жасаудағы логикалық жүйелілік және ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында бүгін Ақтамберді Сарыұлы, Үмбетей Тілеуұлы, Байдалы Бекшеұлы, Сырым Датұлы, Тоқсан Жабайұлы, Шал Құлекұлы, Жанақ Сағындықұлы, Бөлтірік Әлменұлы, Абыл Өтембетұлы ойларын ұсындық.

Қазақстан • 30 Желтоқсан, 2023

Жаңажылдық пойыздардың сапарлары басталды

Биыл №4/3 «Астана-Нұрлы Жол-Алматы», №77/78 «Алматы-Маңғыстау», №45/46 «Павлодар-Түркістан» және №38/37 «Маңғыстау-Семей» бағыттары бойынша пойыздар жаңажылдық стильде безендірілді. Кестеге сәйкес түрлі уақытта қатынайтын аталған пойыздар 29 желтоқсаннан бастап қалалар бойынша жолға шықты, деп жазады Egemen.kz.

Музей • 30 Желтоқсан, 2023

Биыл Ұлттық музейге келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті

Биыл Ұлттық музей 415 іс-шара ұйымдастырған. Нақты атағанда, 2 жаңа залдың ашылуы, 40 көрме, 4 конференция, 1 конгресс, 2 симпозиум, 25 дөңгелек үстел, 3 семинар, 163 музей сабақтары және тағы басқа түрлі форматта іс-шаралар өткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023

Ауа райы нашар кезде пойыз – бірден-бір қолжетімді көлік

Қолайсыз метеорологиялық ахуалдарға байланысты ҚТЖ жедел штабы басқа көлікпен діттеген жеріне жете алмаған жолаушыларды мүмкіндігінше қала маңындағы пойыздармен әкету туралы шешім қабылдады, деп жазады Egemen.kz.

Елорда • 30 Желтоқсан, 2023

Әскери қызметшілер майдангерлерді мерекемен құттықтады

Астана, Алматы қалаларындағы Қарулы күштердің әскери қызметшілері екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлерін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Астанада Қорғаныс министрлігі өкілдері «Қарулы күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп екі майдангерге барды.  Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілі запастағы полковник Ғани Артықов осы күндері елордада екінші дүниежүзілік  соғысына қатысқан 7 ардагер тұратынын, жыл өткен сайын майдангерлер азайып бара жатқанын, әр ардагер – тірі тарих екенін, жеңістің оңай келмегенін өскелең ұрпақ білу керектігін атап өтті. Сонымен қатар Алматы әскери қызметшілері майдангердің үйіне барды, деп хабарлайды Egemen.kz министрлік сайтына сілтеме жасап.

Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023

Күн райы қолайсыздығынан Оралға қонатын ұшақтар кешігіп жатыр

Оралға келетін рейстер кешігіп жатыр. «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС-ның баспасөз қызметі мәлім еткендей бұл Астанадағы ауа райының қолайсыздығына байланысты болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023

27 рейс кешіктірілді. Елорда әуежайы уақытша жабылды

Астана халықаралық әуежайы ауа райының нашарлауына байланысты уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 30 Желтоқсан, 2023

Алты облыс аумағында 15 жол учаскесі жабылды

Ауа райы нашарлап, қар аралас жаңбыр, көктайғақ секілді қолайсыздықтардан республикалық маңызы бар автожолдардың кейбір учаскелерінде көліктің барлық түріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.