Спорт • 27 Желтоқсан, 2023
Азиядағы үздік күрес федерациясы анықталды
Екі кезеңнен тұратын онлайн дауыс беру арқылы үздік күрес федерациясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Туризм • 27 Желтоқсан, 2023
Түркістан қаласы Түркі елдерінің туристік астанасы атанды
Бүгін Әзербайжанда өткен «Шамахи – Түркі әлемінің туризм астанасы 2023» іс-шарасының жабылу рәсімінде Түркістан қаласына Түркі әлемінің 2024 жылғы туризм астанасы атағы берілді. Ресми мәртебені алу салтанатына өңірден арнайы делегация қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 27 Желтоқсан, 2023
Қар құрсауынан 300-ден астам адам құтқарылды
Қатты боран, жауын-шашын, көктайғақ салдарларынан республикалық, облыстық маңызы бар автожолдардағы көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектелген өткен тәулікте ТЖМ құтқарушылары жол қызметтері мен ішкі істер органдары және жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерімен бірлесіп қар құрсауынан 106 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарған. Оған қоса 223 адам, оның ішінде 4 бала эвакуцияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Желтоқсан, 2023
Республикалық маңызы бар автожолдардан 1 учаске жабық
Бүгінгі сағат 11.00-дегі ахуал бойынша QazAvtoJol баспасөз қызметі ауа райының қолайсыздығы салдарынан республикалық маңызы бар автожолдардан 1 учаске жабық екенін мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Желтоқсан, 2023
«Мұз қалашығы еріп жатыр»: Павлодар тұрғындары наразылық білдірді
Павлодар облысында 53 миллион теңгеге жасалып жатқан мұз қалашығы еріп, су болып ағып жатыр. Мұз қалашық пен сырғанақ жасауды мердігер компания бір апта бұрын бастаған. Бірақ жұмыстың азы қалғанда күннің күрт жылынуынан мұз қалашығы ери бастаған. Бұл туралы Egemen.kz Информбюро жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.
Аймақтар • 26 Желтоқсан, 2023
Қостанай облысында 2100 өзгеше аққала жасалды
Қостанай облысына қарасты Қамысты ауылы тұрғындары 2 100 аққала жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Қаңтар айында Қазақстан халқы қанша күн демалады?
Ел азаматтарының қаңтар айында қанша күн демалатыны белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Желтоқсан, 2023
Республикалық маңызы бар жолдардың 40 учаскесі жабық
Ауа райының қолайсыздығына байланысты 6 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 40 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 26 Желтоқсан, 2023
2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қабылданды
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қаралды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова атап өткендей, Тұжырымдама Мемлекет басшысының «Әділ Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауында көрсетілген тапсырмасын орындау үшін әзірленген. Ол 4 негізгі бағытты қарастырады. Олар – тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде еңбекті қорғаудың ұлттық жүйесін жаңғырту, жұмыс орындарында тәуекелді төмендету жөніндегі шараларды экономикалық ынталандыру, кәсіби құзыреттер мен ғылыми әлеуетті дамыту, сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы бақылау мен мониторингтің тиімділігін арттыру, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 26 Желтоқсан, 2023
Карьерлік ауыр жүк көліктеріне қоғамдық жолдарда жүруге қашан тыйым салынады?
Көлік министрлігі басшысының Астана қаласы тұрғындарымен кездесуі барысында көлік компаниялары өкілдері көлік құралдарының рұқсат етілген салмағының артуын бақылауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатпен келіспейтіндіктерін айтып жеткізді. Сөз кезегінде Марат Қарабаев министрлік өз тарапынан көліктік бақылау инспекторларының жұмысындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және үстеме бақылау тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар қосымша шараны енгізіп жатқандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.