
Елорда • 25 Желтоқсан, 2023
Астана халықаралық әуежайы 7,5 миллионыншы жолаушысын қарсы алды
Бұл аталған әуежай үшін рекордтық көрсеткіш. Бүгін Астана халықаралық әуежайы 7 жарым миллионыншы жолаушыға қызмет көрсетті, ол KC853 рейсімен Алматы-Астана бағытымен ұшып келген Сейітқазиевтер отбасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 25 Желтоқсан, 2023
Мемлекет басшысы іссапармен Санкт-Петербург қаласына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2023
Қойларды қырып кеткен иттер ме әлде сілеусін бе?
Аталған оқиғаға қатысты Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Олег Беспалов пікір білдірген. Бұл туралы МТРК сайты хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 25 Желтоқсан, 2023
Үш облыс аумағы автожолдарында көлік қозғалысы шектелді
Бүгін сағат 11.00-дегі жағдай бойынша 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 5 учаскесінде ауа райы қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz QazAvtoJol баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 25 Желтоқсан, 2023
Қазақстан-Қырғызстан одақтастық қатынастары нығая береді
Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Садыр Жапаровты екі ел арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жастар • 25 Желтоқсан, 2023
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аяқталды
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу аяқталып, ұлттық комиссияның шешімімен 50 адам қабылданды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Таным • 23 Желтоқсан, 2023
Өлең – сөздің данасы, шыңдықтың анасы – Бұқар жырау
Афоризм – шағын философиялық ой, тәжірибелік түйін, логикалық қисын. Авторлық тұжырым ретіндегі қысқа әдеби туынды. Көркем кестеленген нақыл сөз. Афоризмнің басты шарттары – өмірлік құбылыстар мен адамдардың іс-қимылына, мінезіне деген көзқарастағы анықтық, пікір жинақтап қорыту мен түйін жасаудағы логикалық жүйелілік және ойды жеткізудегі дәлдік пен қысқалық. Афоризм – ой тамызығы. «Афоризмдер» айдарында бүгін Әйтеке Байбекұлы, Қазыбек Келдібекұлы, Төле Әлібекұлы, Қожаберген Толыбайұлы, Бұқар Қалқаманұлы (Бұқар жырау) ойларын ұсынып отырмыз.
Құтқарушы • 23 Желтоқсан, 2023
ТЖД-нің қызықты құтқару оқиғалары: «Кішкентай кепілдер», «Экстремалды фото», «Сақина» операциясы
Шығыс Қазақстан облысының ТЖД қызметкерлері биыл 215 адамды құтқарып, түрлі төтенше жағдайларға тап болған 410 адамды эвакуациялаған. 65 балаға көмекке келген. 32 ауыр науқас пен қозғалуы қиын азаматтарды тасымалдауға жәрдемдескен. 59 жануарды құтқарған. ШҚО ТЖД оқиғалар арасынан қызықтыларын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 23 Желтоқсан, 2023
Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде қандай ірі жарыстар өтті?
Тәуелсіздігіміздің 32 жылында елімізде ірі-ірі бірнеше байрақты бәсеке ұйымдастырылып, ел мерейін тасытатын іс-шаралар өткізілді. Қазақстан тәуелсіз ел ретінде алғаш әлемдік дүбірлі доданы 2002 жылы қабылдады. Сол жылы еліміздің бас шаһарында бокстан Әлем кубогі бәсекесінің байрағы желбіреді, деп жазады Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 23 Желтоқсан, 2023
«Хан Шатыр» cауда орталығынан өрт шықты
Астана қаласындағы «Хан Шатыр» cауда орталығы ғимаратында өрт болып, оған келушілер және қызметкерлер мен жұмыскерлер эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.