Сенат • 17 Мамыр, 2024
Көші-қон саласындағы мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған - сенатор
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны мәлім. Осы орайда Сенат депутаты Амангелді Толамисов Facebook әлеуметтік желісінде пікір қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 17 Мамыр, 2024
Нұрбек Оралбай қарсыласқа өте ыңғайсыз боксшы - Мырзағали Айтжанов
Төрт жылдықтың басты додасы – Париж Олимпиадасының басталуына санаулы айлар қалды. Ұлттық құрама спортшылары лицензиялық турнирлер мен рейтингтік додаларға қатысып, қоржынды мейлінше көп жолдамамен толықтыруға бар күш-жігерін салып жатыр. Ал лицензия алып қойған отандастарымыз жеке бағдарлама бойынша шеберліктерін шыңдап, маңызды жарысқа тыңғылықты дайындалып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Елорда • 17 Мамыр, 2024
Ерекше балаларға арналған «Қауіпсіздік әліппесі» фестивалі өтті
10-14 жас аралығындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған №3 арнайы мектепте «Қауіпсіздік әліппесі» қалалық фестиваль-байқауы өтті. Аталған конкурс Астанада үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль – білім алушылардың бойында қауіпсіз мінез-құлық пен тіршілік әрекетінің дағдыларын қалыптастыру үшін, сондай-ақ ерекше балалардың шығармашылық қабілетіне қоғамның назарын аудару мақсатында өткізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Спорт • 17 Мамыр, 2024
Тарихи медаль: Милад Карими Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Өзбекстан астанасы Ташкентте спорттық гимнастикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында отандасымыз көпсайыс қорытындысында күміс медаль жеңіп алып, ел қоржынына тарихи медаль салды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2024
Жайықтың су деңгейі сәл төмендеді
Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейінің 17 мамыр күнгі сағат 08:00 бойынша өзгеріcі туралы жедел мәлімет жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Мамыр, 2024
Құлсары тұрғындары мамандардың залалды бағалау нәтижелерін оң қабылдап отыр
Құлсары қаласындағы залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиясы залалды бағалау нәтижесімен келіскен тұрғындардың алғашқы легінен өтініштер қабылдады. Мәдениет үйінде бұған дейінгі жүргізілген бағалауларға сәйкес, өтемақы төлемдерін рәсімдеу үшін азаматтарды қабылдау басталды. Алғашқы 6 отбасы залалдың орнын толтыру мақсатында төленетін өтемақыны алу туралы шешім қабылдады. Өтемақы тұрғындарға 14 күн ішінде төленетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы мәліметіне сілтеме жасап.
Сенат • 16 Мамыр, 2024
Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты азайған
Қазақстан үшін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өнеркәсіп кооперациясын, өнеркәсіп секторындағы бірлескен жобаларды дамыту негізгі басымдықтардың бірі. Дегенмен, шикізаттық емес тауарлар экспортының төмендеуі отандық өнеркәсіпті қолдау, осы бағытта тиімді шешімдер қабылдау керектігін көрсетіп отыр. Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында Қазақстанның шикізаттық емес тауарлар экспорты әлемдік нарықта төмендеп бара жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы көші-қон туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі салаларындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 16 Мамыр, 2024
Президент Малайзия Премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Малайзия делегациясымен кеңейтілген құрамда өткен келіссөз барысында өзара тиімді байланыстарды одан әрі нығайтуға баса мән беріліп, екіжақты күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселе қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2024
БАӘ-Қазақстан үкіметаралық бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қызметшілер білім алып жатыр
Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастық шеңберінде «Government Accelerators» және «Сapacity Building» саласында мемлекеттік басқаруды трансформациялау бағытында озық тәжірибе алмасу бойынша «Kazakhstan Executive Leadership 2024» бағдарламасының оқуы басталды. Оқытудың басты мақсаты – білікті көшбасшыларды даярлау арқылы қоғамның тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ету, деп хабарлайды Egemen.kz Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.