Инфрақұрылым • 05 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысында қайтарылған активтер есебінен 19 ауылға су құбыры тартылады
Қостанай облысында прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен 22 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр. Оның 19-ы ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 04 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
Қостанайда «Кітап оқитын ұлт» зияткерлік-ағартушылық жобасы басталды. Қанатқақты жоба өскелең ұрпақты бала кезінен кітап оқуға дағдыландыру, халық арасында оқу мәдениетін қалыптастыру, түптеп келгенде, бүтін ел болып әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына ену сияқты биік мақсат қойып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2025
Рудныйда 1200 оқушыға арналған ерекше мектеп ашылды
Бүгін Рудныйда 1200 оқушыға арналған жаңа ерекше мектеп пайдалануға берілді. Кеншілер қаласындағы заманауи білім ордасы «ERG» компаниясының қаржысына салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еңбек • 30 Тамыз, 2025
Иван Куликов 40 жыл бойы Рудныйдағы кен өндірісінде еңбек етіп келеді. 37 жыл бұрғы ұстап, жер қатпарын үңгіген кенші кейінгі жылдары тереңде жатқан кеніш жолдарының үстін бағанмен тіреп, төбесін ұстап тұратын металл тіреуіш бекітетін бригаданың сапында. Қауіп-қатерге толы талай ауыр сыннан сүрінбей өткен тәжірибелі маман жастарға кен өндірісінің қыр-сырын үйретуден жалыққан емес.
Музей • 30 Тамыз, 2025
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің он шақты туындысы сақталған. Оның ішінде Амангелді бастаған Торғайдағы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан Әбжан Тұрманов, Сейітмағанбет Демесінов, Сыздық Жантілеуовтің портреті бар.
Ата заң • 28 Тамыз, 2025
Қостанайда Конституция күніне арналған мерекелік жиын өтті
Қостанайда Конституцияның 30 жылдығына орай «Ата заң –тәуелсіздік тірегі: құқықтық мемлекеттің отыз жылдық дамуы» атты мерекелік конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, заң саласының мамандары, ардагерлер, мұғалімдер, мектеп оқушылары қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Тамыз, 2025
Қостанайда тәртіп сақшылары балаларға жол қауіпсіздігін үйретті
Қостанайда тәртіп сақшылары бірнеше балабақшаға барып, жол қауіпсіздігі ережелері туралы сабақ өткізді. Іс-шара балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алуға бағытталған «Назар аударыңыз – балалар!» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Тамыз, 2025
Тамыздың басында өңірде «Мектепке жол» акциясы басталды. Аталған акция алғаш рет 2001 жылы Қостанай қаласында қолға алынғанын да айта кету керек. Сол кездегі бір топ қолы ашық азаматтың ізгі ниетінен туған игі бастама облыстық білім басқармасы тарапынан қолдау тауып, қайырымдылық акциясы біраз жыл өңірлік деңгейде іске асырылып келді.
Балалар • 25 Тамыз, 2025
Рудныйда инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
Рудныйда өткен «Run for autism» қайырымдылық жобасы аясында Рудныйдағы балабақша мен мектепте екі бірдей инклюзияны қолдау кабинеті ашылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 25 Тамыз, 2025
Қостанай облысында 51 ауыл 4G интернет желісіне қосылады
Осыдан екі жыл бұрын «Билайн» байланыс операторы мен облыс әкімдігі арасында шалғай ауылдарға «Билайн Қазақстанның» базалық стансасын орнату жөнінде меморандум жасалған. Нәтижесінде бүгінге дейін 22 ауыл жоғары сапалы интернет байланысына қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz.