Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ
Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ«Egemen Qazaqstan»
1596 материал табылды

Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Қостанайда жолаушыдан маска киюді талап еткен автобус жүргізушісі соққыға жығылды

Қостанай облысы әкімдігі жанындағы ақпараттық штабтың мәліметінше, бүгін таңертең №11 автобустың жүргізушісі қоғамдық көлікке бетпердесіз кірген жолаушыға ескерту жасап, сыртқа шығуын сұраған.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Қостанай облысында 13 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таяуда  ғана төтенше жағдайда елді жұмыссыздық жайламас үшін халықты еңбекпен қамтудың нақты жобаларын іске асыруды тапсырған болатын.  Маңызды тапсырма облыстық әкімдікте арнайы талқыланып, қосымша жұмыс орындарын ашу мәселесі пысықталды.

Қазақстан • 03 Сәуір, 2020

Тегеуріні темірдей Темірбаев

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отан соғысының қаһарманы, Кеңес одағының батыры Сейітхан Темірбаевтың өмірі мен  майдандағы ерлігі туралы мол материал қаттаулы. Батырдың көзі тірісінде тұтынған жеке заттары да бүгінде музейдің құнды жәдігеріне айналған.  Бұл құжаттардың әрқайсында отты жылдардың ізі, тарихтың сәулесі қалған.

Қазақстан • 03 Сәуір, 2020

Зейнеткер: Мемлекет көрсетіп жатқан қолдауды сезініп отырмыз

Бүгінгідей қысыл-таяң тұста ел ішінде індет етек алып кетпеу үшін мемлекет қыруар күш жұмсап, көптеген шара қабылдап жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осыған қатысты мәлімдемесі мені де бей-жай қалдырған жоқ.

Аймақтар • 03 Сәуір, 2020

Қостанай облысының әкімі тосқауыл бекеттеріне барды

Архимед Мұхамбетов Ақмола облысы жақтан Қарасу ауданына келіп кіретін  күре жолға қойылған №11 тосқауыл бекетіне барды. Жол сақшыларымен кездесіп, олардың жұмыс тәртібімен танысқан облыс әкімі санитарлық-эпидемиялық шараларды қамтамасыз етуге жауапты органдардың дайындығына оң баға берді. 

Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Коронавируссыз Қостанай

Қостанайда маска тақпаған адам масқара болады. Облыстың бас санитары бүгіннен бастап көшеге бетпердесіз шығуға тыйым салды. Енді маска тақпаған адам ешбір ескертусіз, бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Тіпті қамауға алынуы да мүмкін. Мұны бүгінгі брифингте қала әкімінің орынбасары Андрей Финк те растап отыр.

Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Қостанай: Полиция көшелерді дәріледі

Қостанайлық полицейлер облыс орталығындағы көшелерге індетке қарсы сұйық дәрі шаша бастады. Полицияның «АРС -14» арнайы техникасы кеше кешкілік Тәуелсіздік, Абай, Байтұрсынов, Гоголь көшелері мен тротуарларға химиялық ерітінді бүркіп шықты. Жол сақшыларының автопатрулі дауыс ұлғайтқыш арқылы тұрғындарға залалсыздандыру жүріп жатқаны туралы ескертіп, сақтандырып отырды.    

Аймақтар • 02 Сәуір, 2020

Қостанай облысындағы 6700 шаруашылыққа мемлекет қаржылай қолдау көрсетеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар арқылы сөйлеген сөзінде астықты аймақтардағы көктемгі дән сіңіру жұмыстарын уақытында жүргізу керектігін, бұл мақсатқа «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 70 млрд теңге бөлінетінін және несие мөлшерлемесі 5%-тен аспайтынын айтқан болатын.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Қостанай облысында 330 мыңнан астам адам әлеуметтік жәрдемақы алады

Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдерімен өткізген селекторлық кеңесте айтты. - Біз дағдарысқа қарсы шаралардың бірінші пакетін іске асыруға кірісіп кеттік. Енді Президент белгілеген халықты және бизнесті қолдаудың келесі қадамдарын жүзеге асыра бастауымыз керек. Қостанай облысында 330 мыңның үстінде жәрдемақы алушы бар. Оның 136 мыңнан астамы зейнеткер, 16 мыңға жуық адам АӘК алады, – деді облыс әкімі.

Аймақтар • 01 Сәуір, 2020

Қостанайда аялдамаларды залалсыздандыру басталды

Қостанайда аялдама тұрақтарын залалсыздандыру шаралары жүріп жатыр. Бұл жұмыстарды алты мердігер ұйым жүргізеді. Облыс орталығында 430 аялдама тұрағы бар. Мердігердің міндеті - солардың бірін де қалдырмай күнделікті залалсыздандырып отыру. Бұл мақсатқа арнайы қаржы бөлініп, қала әкімдігі мердігер ұйымдармен келісімшартқа отырған. - Олар әр аялдаманы кем дегенде күніне бір рет дезинфекциялап тұрады,  – деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Наурызбай Мусин.