Тұлға • 20 Қыркүйек, 2025
Торғайда Міржақып тойы басталды
Торғай төрінде Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы аясындағы мерекелік іс-шаралар басталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2025
Ертең Қостанай облысында Алаш арысы, ұлт ұстазы Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар басталады, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 19 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысында алаяқтарға көмектескен 16 жасөспірім ұсталды
Қостанайлық полицейлер интернет-алаяқтарға көмектесіп жүрген 16 жасөспірімді ұстады. Ұсталғандардың бірі – Лисаков қаласының 18 жастағы тұрғыны алаяқтарған жаңа SIM-карта жеткізіп беріп тұрған. Кейін бұл нөмірлер әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде жалған аккаунт ашуға пайдаланылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 17 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысында есірткі тасымалдап жүрген жасөспірім ұсталды
Қостанай облысында өтіп жатқан «Қарасора-2025» жедел алдын алу іс-шарасы аясында психотроптық заттарды сақтап, таратты деген күдікпен 16 жастағы Теміртау тұрғыны ұсталды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Қыркүйек, 2025
Лисаков қаласында «Tugan Qala ERG» форумы өтті
Бүгін Лисаков қаласында «Tugan Qala ERG» форумы өтті. Осымен бесінші мәрте ұйымдастырылып отырған дәстүрлі іс-шара барысында алпауыт компанияның қаланы көркейтуге бағытталған әлеуметтік жобалары қорытындыланып, игі іске атсалысқан белсенді тұрғындар марапатталды, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 13 Қыркүйек, 2025
Қостанайда «Құқықтық дәріхана» жобасы басталды
Қостанайда «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік жобасы басталды. «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында қолға алынған жобаны прокуратура мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің облыстағы департаменті ұйымдастырып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысында бидай ұрлаған топ ұсталды
Қостанай облысында «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы аясында өткен рейд барысында ірі көлемдегі ұрлық әшкереленді. Полиция қызметкерлері орақ басынан 54 тонна бидай ұрлаған қаскөйлердің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысының түрмелерінде 67 жұп некесін қиды
Қостанай өңіріндегі қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде жыл басынан бері 67 неке тіркелген. Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті сотталғандардың отбасын құру және әлеуметтік байланыстарды сақтау құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 05 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысында қайтарылған активтер есебінен 19 ауылға су құбыры тартылады
Қостанай облысында прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен 22 әлеуметтік жоба іске асырылып жатыр. Оның 19-ы ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге бағытталған, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 04 Қыркүйек, 2025
Қостанай облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасы басталды
Қостанайда «Кітап оқитын ұлт» зияткерлік-ағартушылық жобасы басталды. Қанатқақты жоба өскелең ұрпақты бала кезінен кітап оқуға дағдыландыру, халық арасында оқу мәдениетін қалыптастыру, түптеп келгенде, бүтін ел болып әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына ену сияқты биік мақсат қойып отыр, деп жазады Egemen.kz.