
Қоғам • 21 Қаңтар, 2025
Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованы қарағандылықтар алақанына салды. 95 жастағы аңыз әншінің дауысын сағынса керек, Кеншілер мәдениет сарайында инешаншар орын болмады.
Шаруашылық • 16 Қаңтар, 2025
2024 жыл аймақ экономикасы үшін жемісті болды. Кейінгі 13 жылда болмаған рекордтық өнім алынды. 1 млн 300 мың тонна астық бастырылып, 409 мың тонна картоп жиналды. Қарағанды қамба толтырудан өңірлер арасында төртінші сатыға берік орнықты. Пайдаланылмаған 163 699 гектар жердің мемлекет меншігіне қайтып, 94 мың тонна өңделген өнімнің экспортталуы да – айтулы жетістік. Өңірдегі ауыл шаруашылығы өнімі көлемі 455 млрд теңгеге жетті.
Еңбек • 14 Қаңтар, 2025
Мемлекет басшысы осы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Бұл бағытта өндірісті өңір алдына бірқатар міндет қойды. Бастысы, жұмысшы маманның беделін арттырып, техникалық, кәсіптік білім жүйесін реформалау мақсатында жұмыс тобы құрылды, жоспар бекітілді.
Театр • 11 Қаңтар, 2025
...Сахна сырты. Грим бөлмесінен шыққан Махмұт даусын қайта-қайта құбылтып, жаттықтырып жүр. Жанары оттай жанып, қабағы түксиіп түнеріп алған. Сауытты, мұздай қарулы. Өйткені ол бүгін Ер Жәнібектің рөлін сомдайды. Қалижан Бекқожиннің әйгілі «Ұлан асу» шығармасы сахналанады. Сабыры қашып, шымылдықтың шетінен бір сығалап алды. Көрермен ат төбеліндей ғана жиылған. Аз болса да талғам таразысы биік. Бірақ жалындап тұрған жас әртіс үшін жалғыз көрермен де ормандай боп көрінеді.
Еңбек • 09 Қаңтар, 2025
Лезгин ұлтының өкілі Саладин Юзбеговтің Бұқар жырау ауданы Ақбел ауылына қоныс аударғанына екі жылға жуықтапты. Үй мен базды 5 миллион теңгеге сатып алыпты. Баздың құрылысы аяқталмаған көрінеді. Ішін әктеп, қоршаумен қолайлы етіп бөліп, жарық шамдарын орнатыпты. Үйді де екіге бөліп, құрылыс жұмысын жүргізген. Бірінде өзі тұрады, бірін жұмыскерлеріне әзірлеп қойыпты.
Тұлға • 01 Қаңтар, 2025
Биыл зерделі ғалым, қоғам қайраткері, біртуар тұлға Ебіней Арыстанұлы Бөкетовтің ғасырлық мерейтойы. Тұғыры биік тұлғаның ел деп сіңірген еңбегі, ғылым үшін атқарған жұмысы әлі де рухани азық, алтын қазық. Сондай-ақ осы жылы түркітанушы, филология ғылымдарының докторы Әуелбек Коңыратбаевтың туғанына – 120 жыл, Қазақстан ғылым академиясының академигі, тарихшы Ермұхан Бекмахановтың туғанына – 110 жыл және Ұлттық ғылым академиясының академигі, тілші Шора Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толады.
Тағзым • 24 Желтоқсан, 2024
Білікті бапкер есімі ардақталды
Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының спорт сарайында еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, құрметті спорт қызметкері, халықаралық дәрежедегі төреші Сәбен Әлкеевтің 80 жасқа толуына арналған қоян-қолтық жекпе-жек түрінен ашық турнир өтті. Байрақты бәсекенің бозкілемінде облыстағы 200-ге жуық жасөспірім бақ сынасты.
Еңбек • 12 Желтоқсан, 2024
Электриктің ел білетін елеулі қыры
«Қазақмыс» корпарациясы» «Нұрқазған» жерасты кенішінде электрик болып жұмыс істейтін Әлібек Бимендинді Арқа жұрты біршама таниды. Еңбектің қара қазанында қайнап жүрген қызметкер ретінде айналасы ғана білетін шығар. Ал қара қобызын бауырына басып, боздата күй тартатын талантымен елге әжептәуір танымал.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтардың баспана мәселесін шешуді Үкіметке тапсырған еді. Сол тапсырма негізінде жер-жерлерде мұқтаж жандарға үй, пәтерлердің кілті табысталып жатыр. Жақында Ақсу-Аюлы ауылындағы 60 отбасы баспаналы болды.
Өнім • 11 Желтоқсан, 2024
Осакаров ауданындағы «Eurasia Invest» ЖШС-нің ұнтақталған «Саумал» бие сүтін әлемдік нарыққа шығарғанына бірнеше жыл болды.Сапасы мен құнарлылығы жоғары болғандығынан бұл өнімге сұраныс көп. Ел ішінен бөлек, Қытай, Ресей, Германияға экспортталып үлгерді. Қанаты қатайған кәсіпорын бие сүтін өндіріп қана қоймай, егін шаруашылығына ден қойып келеді.