Қасымхан ҒАЛЫМ
Қасымхан ҒАЛЫМ«Egemen Qazaqstan»
432 материал табылды

Тұлға • 01 Қаңтар, 2025

Біртуар Бөкетов

Биыл зерделі ғалым, қоғам қайраткері, біртуар тұлға Ебіней Арыстанұлы Бөкетовтің ғасырлық мерейтойы. Тұғыры биік тұлғаның ел деп сіңірген еңбегі, ғылым үшін атқарған жұмысы әлі де рухани азық, алтын қазық. Сондай-ақ осы жылы түркітанушы, филология ғылымдарының докторы Әуелбек Коңыратбаевтың туғанына – 120 жыл, Қазақстан ғылым академиясының академигі, тарихшы Ермұхан Бекмахановтың туғанына – 110 жыл және Ұлттық ғылым академиясының академигі, тілші Шора Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толады.

Тағзым • 24 Желтоқсан, 2024

Білікті бапкер есімі ардақталды

Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының спорт сарайында еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, құрметті спорт қызметкері, халықаралық дәрежедегі төреші Сәбен Әлкеевтің 80 жасқа толуы­на арналған қоян-қолтық жекпе-жек тү­рінен ашық турнир өтті. Байрақты бәсе­кенің бозкілемінде облыстағы 200-ге жуық жасөспірім бақ сынасты.

Еңбек • 12 Желтоқсан, 2024

Электриктің ел білетін елеулі қыры

«Қазақмыс» корпарациясы» «Нұрқазған» жерасты кенішінде электрик болып жұмыс істейтін Әлібек Бимендинді Арқа жұрты біршама таниды. Еңбектің қара қазанында қайнап жүрген қызметкер ретін­де айналасы ғана білетін шығар. Ал қара қобызын бауырына басып, боздата күй тартатын талантымен елге әжептәуір танымал.

Қоғам • 11 Желтоқсан, 2024

Таунхаус тарту етілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтардың баспана мәселесін шешуді Үкіметке тапсырған еді. Сол тапсырма негізінде жер-жерлерде мұқтаж жандарға үй, пәтерлердің кілті табысталып жатыр. Жақында Ақсу-Аюлы ауылындағы 60 отбасы баспаналы болды.

Өнім • 11 Желтоқсан, 2024

Нарықты жаулаған «Саумал»

Осакаров ауданындағы «Eurasia Invest» ЖШС-нің ұнтақталған «Саумал» бие сүтін әлемдік нарыққа шығарғанына бірнеше жыл болды.Сапасы мен құнарлылығы жоғары болғандығынан бұл өнімге сұраныс көп. Ел ішінен бөлек, Қытай, Ресей, Германияға экспортталып үлгерді. Қанаты қатайған кәсіпорын бие сүтін өндіріп қана қоймай, егін шаруашылығына ден қойып келеді.

Спорт • 10 Желтоқсан, 2024

Алғашқы турнирінде топ жарды

Қарағанды қаласында «Сұңқар» спорт клубының ұйымдастыруымен республикалық ашық турнир өтті. Онда 2011–2016 жылғы жасөспірімдер қатысып, бақ сынасты. 11 салмақ дәрежесімен 160-қа жуық былғары қолғап шебері өнерін ортаға салды.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Көп күттірген күрежол ашылды

Сүйінші, жолаушы қауым! Елдің күткені – автобанның біткені еді. Сол көп күттірген күрежолдың құрылысы аяқталды. «Қарағанды – Балқаш» тасжолының төрт жолағы толығымен ашылды. Бұл бағыттағы автобан құрылысының сағызша созылғаны, мерзімінен не себепті кешіктірілгені аз жазылмаған еді. Газетіміздің 27 ақпан күнгі санында жауапты органның «жолды жыл соңына дейін тапсырамыз» деген уәдесін берген едік. «ҚазАвтоЖол» уәде үдесінен шықты. Сөйтіп төрт жолақты жолды салтанатты түрде тапсырды.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Оңалту орталығының игілігі

Кеншілер қаласында нейро-ортопедиялық ақауы бар балалар көмек алатын аймақтағы алғашқы медициналық мекеме ашылды. «Қазақстан халқына» оңалту орталығы» қайы­рым­дылық жобасы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнал­ған. Мұнда осындай санаттағы балаларды тәрбиелеп отырған отба­сылар кешенді әрі сапалы оңалтуға қол жеткізе алады. Жоба­мен жылына 600-ге жуық бала ем-дом қабылдайды.

Шаруашылық • 05 Желтоқсан, 2024

Агросаладағы табысты келісім

Агросаланы дамытудың басты тетігі – ауылшаруашылық өнім­дерін тиімді бағамен өткізу. Бұқар жырау ауданындағы бірне­ше шаруа қожалық енді өздерінің еңбекпен жиған өнімін өңірі­міздегі алпауыт «Qarmet» компаниясына үздіксіз саудалайтын болды. Мұнымен қоса, осы аудан Президент тапсырған «Тауарлы несие» тетігін алғашқылардың бірі болып іске қосты. Осындай қолдау көрген агрокешеннің алға қадам баса беретіні анық.

Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2024

Қайнардағы қуаныш

Нұра ауданы Қайнар ауылында – үлкен қуаныш. Өткен аптада жаңа әкімдіктің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті. Бұған дейін ауыл әкімдігі тозығы жеткен ғимаратта жұмыс атқарып келген еді.