
Аймақтар • 17 Наурыз, 2025
Наурыз мейрамы қарсаңында Қарағанды облысында жүздеген отбасы жаңа пәтер кілтін алды. Игілікті іс әлі де жалғасын табады. Жаңа баспанаға 389 отбасы қоныстанады.
Маман • 14 Наурыз, 2025
Биыл өңірдегі бірнеше жол жөнделеді. «Қарағанды – Жезқазған» бағытындағы күрежолдың құрылысы басталады. Салынар жолдың сапалы болуы – негізгі талап. Сол себепті Жол активтері ұлттық сапа орталығының жұмысы қарбалас күй кешіп келеді. Әсіресе компанияның зертхана қызметкерлері таңның атысы, күннің батысы дамылсыз жүріп қызмет атқарады.
Халық • 12 Наурыз, 2025
Қарағандыдағы бірліктің шаңырағына айналған Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Адамгершілік – асыл қасиет» атты форум өтті. Жиынға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері, қоғам қайраткерлері, ардагерлер мен қоғам белсенділері қатысты. Өңірдің басқа да қала, ауданынан өкілдер онлайн қосылды.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2025
Өңірімізде алғаш болып аудан басқарған Салтанат Әбеуова – саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған жан. Алаш арыстарының алтын бесігі Ақтоғай елінің тізгінін ұзақ жыл ұстаған әкім әйел бүгінде облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы қызметін абыроймен атқарып отыр.
Бизнес • 06 Наурыз, 2025
«Қарашығанақ» Қарағандыға жақындай түсті
Мұнай саласындағы ірі кәсіпорын – «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» (КПО) бас директоры Марко Марсили бастаған делегация Қарағандыға келді. Жергілікті кәсіпорындармен ынтымақта жұмыс істеуді көздеген компания облыс әкімдігімен ортақ меморандумға қол қойды.
Қоғам • 28 Ақпан, 2025
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы Қарағандыдан басталды десе болатындай. Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Адал азамат» жобасы Ассамблеяның 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтары жылына орайластырылды. Жақында Достық үйінде жоба жеңімпаздары марапатталды. Енді бұл байқау Қарағандының тәжірибесімен басқа өңірлерде де өтеді.
Өндіріс • 27 Ақпан, 2025
Өңірде өнеркәсіптік кластер құрылады
Металлургтер қаласы Теміртауда ірі компаниялар мен шағын және орта бизнесті біріктіретін еліміздегі ең алғашқы өнеркәсіптік кластер құрылады. Бұл туралы «Qarmet» креативті технологиялар орталығында өткен «Өнеркәсіптік кластерді және ел ішіндегі құндылықтарды дамыту» атты бизнес-форумда мәлім болды.
Тағзым • 27 Ақпан, 2025
Жақында Бұқар жырау ауданының жұрты көрнекті академик Қаныш Сәтбаевтың ізінен ерген ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы Арықтай Қайыповтың құрметіне Мәдениет үйінде «Ғалымның хаты өлмейді» атты тағылымды кеш өткізді.
Инвестиция • 25 Ақпан, 2025
Парламент Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары инвестициялық салық преференциясын беру, бизнесті мемлекеттік қолдау және инвестиция тарту мәселелерін талқылау үшін мемлекеттік органдардың басшыларымен және бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесті.
Қоғам • 25 Ақпан, 2025
Әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуеті
Қазірде кәсіпкерлікті дамытуға барынша қолдау бар. Әсіресе әлеуметтік кәсіпкерліктің әлеуеті артып келеді. Кәсібін жаңа ашқан жастар арнайы оқыту курстарында білімін жетілдіріп, сол жерден алған сертификат арқылы жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп отыр.