
Кітапхана • 11 Сәуір, 2025
Заңғар жазушы Мұхтар Мағауиннің ұлы Едіге Қарағандыға келді. Жазушы Қарағанды зерттеу университетімен үнемі шығармашылық байланыста болған екен. Асылдың сынығы Едігенің елге келген қадамы құт болды. Университеттің филология факультетінде тәулік бойы жұмыс істейтін кітапхана ашылды.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2025
Қарқаралы орманы қорғауға зәру
Біраз күн бұрын әлеуметтік желілерде, түрлі пабликтерде әуесқой түсірілген бейнежазба тарады. Оны түсіруші «Орман оталып жатыр. Сау ағаштарды да кесіп тастапты», дейді. Иә, орман – Отан байлығы. Табиғатқа жаны ашитын ағайын бұл істің мән-жайы анықталса дейді.
Руханият • 09 Сәуір, 2025
Жексенбі күні Кеншілер мәдениет сарайында рух шалқыды. Қарағандыда қара өлең салтанат құрды. Көкбөрі ақынның төбесі көкке жетті. Ақсұңқарұлының адуынды жыры аспандады. Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Ақсұңқарұлы ақын екенін Арқа төсінде дүбірлеп өткен мерейтойында тағы бір аңғардық.
Байқау • 04 Сәуір, 2025
Кейінгі жылдары кеншілер қаласы инновация және инженерия орталығына айналды. Жақында өткен халықаралық роботтехника фестивалі соның жарқын дәлелі. Болгария, Иран, Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдері мен өзіміздің IT өрендер ой жарыстырды.
Еңбек • 04 Сәуір, 2025
Классиктерді қадірлейтін бұрғылаушы
Қазір кітап оқитындар азайды деп дабыл қағады әлеуметтік зерттеушілер. Бірақ ел ішінде Еркебұлан Төкенов секілді қарапайым еңбек адамының кітап кеміріп жүргенін көргенде зерттеудің реттілігіне күмән келтіретін жөніміз бар. Қарағанды металл конструкциялары зауытының білікті бұрғылаушысы, «Ұлағат» оқырман клубының мүшесі Еркебұлан мырза зауыт қызметкерлерінің кітап оқуға деген ынтасын ашып жүр.
Көрме • 04 Сәуір, 2025
БҰҰ штаб-пәтерінде өткен Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің конференциясына Қарағанды облысының делегациясы да қатысты. Өңірден барған делегация өкілдері Семей ядролық полигонының зардабын тартқан әлемге әйгілі суретші Кәріпбек Күйіковтің суреттерімен, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан «Полигон жаңғырығы» атты фотокөрмемен таныстырды.
Тағзым • 03 Сәуір, 2025
Аз жазса да, саз жазған сырбаз ақын, сыршыл азамат Сәттібай Жүнісовтің саф өнерін, саңқылдаған даусын елі сағыныпты. Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде өткен «Өмір деген өлшеулі сапарда бұл…» аталған ақынды еске алу кешінде бұл анық сезілді. Қаламгердің мәңгілік мұрасындай «Пырақ» атты кітабының тұсауы кесіліп, оқырманға жол тартты. Жазған-сызғаны, жан дүниесі осылайша кітапқа айналды.
Мәдениет • 02 Сәуір, 2025
Нью-Йоркте суретші Кәріпбек Күйіковтің көрмесі өтті
Нью-Йорк қаласында әлемге әйгілі қарағандылық суретші Кәріпбек Күйіковтің суреттерінің «Полигон жаңғырығы» атты көрмесі таныстырылды.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2025
«Ekin patrol» ереже елемегенді аямайды
Қарағанды көшелерінде жол ережесін бұзғандарды тоқтатып жатпай-ақ, автоматты түрде айыппұл ресімдеп кете беретін патрульдік полиция көліктері көбейе бастады. «Ekin patrol» деп аталатын бұл жүйе ереже елемегендерді аямайды.
Тағзым • 02 Сәуір, 2025
Мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің есімін қарағандылықтар дәстүрлі түрде ұлықтап келеді. Сөзімізге жыл сайын үздіктерге табысталатын Тәшенов атындағы жүлде дәлел. Жақында қаладағы «Достық» үйінде «Жұмабек Тәшенов: Тұлға. Тарих. Тағылым» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Тағылымды кеште тұлғаның 110 жылдығына арнайы шығарылған «Жұмабек Тәшенов» жинағының тұсауы кесілді. Жаңа жинаққа қайсар қайраткер жайында естеліктер, мақалалар мен ой-толғамдар енген.