
Аймақтар • 22 Ақпан, 2025
Шет ауданы халқының дәл бүгін өркениет дегенде өкпесі қара қазандай күйде. Мұндай заманда тұтас аудан жарықсыз қалды дегенге, әрине, ешкім сене қоймайды. Бірақ Шеттен бұл мәселенің шеті шыққалы көп болды. Ескірген электр жүйесінен жиі ақау шығып, ел-жұрттың жүйкесін әбден тоздырды.
Театр • 22 Ақпан, 2025
Жақында ғана шымылдығы түрілген «018-автобус» деп аталатын психологиялық драмаға мәртебелі көрермен «Сәкен театрының репертуарына енген өзгеше туынды» деп баға берді. Соған қарағанда Қазыбек Аманжол есімді жас драматург құндылықтың құлдырағанын, қоғамның дертін топтап келіп бір автобустың ішіне сыйдыра алғандай...
Жұмысшы мамандықтар жылы • 21 Ақпан, 2025
«Адал азамат» жобасының жеңімпаздары марапатталды
Қарағандыда алғаш рет «Адал азамат» жобасының жеңімпаздары марапатталды. Қарағанды облысының Ақсақалдар кеңесінің бастамасымен өткізілген байқау Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған.
Еңбек • 21 Ақпан, 2025
Саран индустриалды аймағында орналасқан «Silk Road Electronics» тұрмыстық техника шығаратын зауытта жас отау иелері нәтижелі жұмыс істеп жүр. Екі жас зауыт ашылмай тұрғаннан бастап жұмысқа орналасқан.
Туризм • 21 Ақпан, 2025
Ақсораң етегіндегі ерекше ауыл
Алаш арыстарының алтын бесігіне айналған Ақтоғай ауданының Шабанбай би ауылы «Үздік туристік ауыл» атанғанын естіп, Арқа жұрты бөркін аспанға атты. Ақжолтай жаңалықты «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы сүйіншіледі.
Жәдігер • 19 Ақпан, 2025
Шет аудандық археологиялық-этнографиялық музейінің қоры жаңа жәдігермен толықты. Онда ақын, әнші, композитор Мәди Бәпиұлының ер-тоқымын құсбегі Тілеуқабыл Есенбекұлы табыстады.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2025
Көкпекті ауылында 10 отбасы баспаналы болды
Бұқар жырау ауданының Көкпекті аулында салынып біткен 2 пәтерлі 5 үйді аудандық әкімдік сатып алып, иелеріне кілтін табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 14 Ақпан, 2025
Иә, әдебиетсүйер қауым әңгіме қазақ поэзиясының бір биігіне айналған Жұмекен Нәжімеденов жөнінде екенін бірден аңғарған да шығар. Жиырма бір жасында Қазақ елінің әнұранын жазған жауһар жырдың иесіне биыл тоқсан жыл толады. Онымен қоса осы жылды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Біз осы жайларды ұштастыра отырып, ақынның Қарағанды облысы мемлекеттік архивінің алтын қорында сақтаулы тұрған жұмыс картасын оқырман назарына ұсынбақпыз.
Өндіріс • 13 Ақпан, 2025
Сараннан «Samsung» теледидары шығады
Саран индустриалды аймағында орналасқан «Silk Road Electronics» тұрмыстық техника шығаратын зауыт әлемдік бренд «Samsung Electronics» компаниясымен елімізде теледидар өндіру туралы келісімге қол қойды.
Еңбек • 07 Ақпан, 2025
Кенші жігіттердің ішінде әнші де, ақын да, сазгер де бар. Шетінен өнерлі. Ал өндіріске келгенде еңбектің қараторысына айналып шыға келеді. Жер қойнауынан құт шығарып, ел ырысын еселейтін олардың маңдай тері шынымен қастерлі. Солардың бірі – қарағандылық кенші Ернат Кемалов. Ұжымында қадірлі еңбек озаты. Сондай-ақ оның да «өлең-сөзге бар таласы».