Қаланың Жаңа Майқұдық полиция бөліміне 41 жастағы жергілікті тұрғын арызбен жүгініп, автобус ішінде қалтасынан ұрлық жасалғанын хабарлаған. Оның айтуынша, жол үстінде ақшасы, банк карталары және жеке құжаттары бар әмияны ұрланған.
Арыз түскен бойда полицейлер жедел әрекет етіп, күдіктіні анықтаған. Ол 44 жастағы азамат болып шықты. Жеке тінту барысында одан ұрланған әмиян ішіндегі барлық заттарымен бірге табылып, айғақ зат ретінде тәркіленді.
Алматыда қалта ұрыларының күнделікті табысы шамамен миллион теңгеден асқан
Аталған дерек бойынша бөтеннің мүлкін ұрлау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың қала және облыс аумағында бұған дейін жасалған өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.