Оқиға • 10 Қыркүйек, 2024

Алматыда қалта ұрыларының күнделікті табысы шамамен миллион теңгеден асқан

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда прокурорлар «қалта ұрылары» ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметіне тосқауыл қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда қалта ұрыларының күнделікті табысы шамамен  миллион теңгеден асқан

Фото: pixabay.com

Прокуратураның үйлестіруімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, ҰҚТ-ның көшбасшысы мен 11 мүшесі өткен жылдың қараша айынан бері қоғамдық көліктерді торуылдап, азаматтардың құнды заттарын ұрлағаны анықталған.

Белгілі болғандай, орташа есеппен, қаскүнемдердің күнделікті қылмыстық табысы шамамен миллион теңгені құраған.

Сот үкімімен қылмыстық топтың 9 мүшесі ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«ҰҚТ-ның екі қатысушысына іздеу жарияланып, оларға қатысты жеке тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», деп хабарлады Алматы қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі.