Спорт • 20 Қаңтар, 2026

Қарағанды облысының велошабандозы әлемдік деңгейдегі команда құрамына енді

11 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның әр өңірінен шыққан велошабандоздар континенталдық XDS Astana Development Team командасымен келісімшартқа отырды. Олардың қатарында Қарағанды облысының Саран қаласының спортшысы Владислав Башлыков та бар. Бұл – спортшы үшін халықаралық аренада өзін танытуға берілген жаңа мүмкіндік, деп жазады Egemen.kz.

Қарағанды облысының велошабандозы әлемдік деңгейдегі команда құрамына енді

Қазақстан велосипед спорты федерациясының мәліметінше, XDS Astana Development Team командасымен келісімшартқа қол қою – шабандоздардың кәсіби мансабындағы маңызды кезең әрі олардың жоғары халықаралық деңгейде өнер көрсетуге дайын екенін көрсетеді.

«XDS Astana Development Team командасымен келісімшартқа отыру спортшылардың мансабындағы маңызды қадам. Жаңа маусымда велошабандоздар халықаралық жарыстарға қатысып, құнды бәсекелік тәжірибе жинақтап, XDS Astana Team жүйесінде кәсіби дамуын жалғастырады», деді Федерация өкілдері.

Қарағандылық каратэшілер әлем чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Қазіргі уақытта Владислав Башлыков Азия чемпионатына дайындалып жатыр. Ол Испаниядағы оқу-жаттығу жиындарында жүр. Кәсіби келісімшартқа қол жеткізу – спортшының табанды еңбегі мен үздіксіз жаттығуларының нәтижесі.

XDS Astana Development Team командасының хабарлауынша, 2026 жылғы маусымдағы алғашқы жарыс ақпан айында өтетін «Тур Прованс» көпкүндігі болмақ.

Қарағанды облысы

Тимур Турлов сатып алғаннан кейін қарағандылық «Шахтёрді» қандай өзгерістер күтіп тұр?

Соңғы жаңалықтар