Аймақтар • 31 Мамыр, 2024
Ономастикаға ыждағаттылықпен қарап, елдік мәселені назардан тыс қалдыруға болмайтыны белгілі. Өйткені шамасы келсе көкесінің атына көше, атасының атына ауыл атауын бергісі келетіндер аз емес. Мұндай мәселемен, әсіресе, министрлік жиі ұшырасады. Министрліктер үйіне елден қол жинап алып, ұсыныс жіберетіндер жетіп артылады.
Өнер • 30 Мамыр, 2024
С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры Уфада өткен ұлттық театрлардың халықаралық Vlll фестивалінде «Үздік ер адам рөлі үшін» аталымын және арнайы жүлдені еншілеп қайтты.
Қоғам • 30 Мамыр, 2024
Бүгінде ерекше балалардың қажеттіліктерін өтеу мәселесі қоғамда өткір тұр. Президент: «Қазақстанда ерекше білім беруді қажет ететін балалар көбейіп барады. Балалар сапалы қызмет алу керек», деген болатын. Тек білім беріп қана қоймай, оларға кәсіптік бағдар көрсетуде тіпті, екі есе жауапкершілік бар. Сол ерекше балаларды мамандыққа ерте жастан бейімдеу мәселесіне «Аяла» қоғамдық қоры бейжай қарамай, көп жылдан бері жан-жақты қолдау көрсетіп келеді.
Қоғам • 30 Мамыр, 2024
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аймағымызда айтарлықтай сипат алды. Аудан, қала, ауылдағы ағайын игілікті іске бір кісідей атсалысып жатыр. Әсіресе Шет ауданының Талды ауылында тұратын 72 жастағы Рымтай әжей Әбенқызының көк тракторын тізгіндеп, қыс бойғы жиналған күл-қоқысты сыртқа тегін тасып беруі – таңғалдыратын жайт.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2024
1100 үй орталық су және кәріз жүйесіне қосылады
Қарағанды облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасып жатыр. Барлық қалалар мен аудандарда ауқымды жұмыстар атқарылды және бұл қарқын бәсеңдемейді. Барлық жерде жолдар, қоғамдық орындар мен аулалар ретке келтіріліп жатыр. Сондай-ақ тұрғындарға коммуналдық игіліктерге қол жеткізу қамтамасыз етілуде, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 29 Мамыр, 2024
Алда балаларды жазғы демалыс күтіп тұр. Білім саласындағы мамандар мен ата-аналардың мойнында енді мынандай жауапкершілік бар: баланы бейсауат жүрістен тыйып, жазғы уақытын дұрыс ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жол инфрақұрылымын дамыта түсудің маңызына үнемі мән береді. «Үкімет пен облыс әкімдіктері 2025 жылға дейін жергілікті жерлердегі жолдардың 95 пайызын жөндеп, ретке келтіруге тиіс» деген тапсырма жүктеген еді. Осыған сәйкес Қарағанды облысында тозған жолдарды асфальттау жұмыстары аса қарқынды жүргізіліп жатыр.
Медицина • 23 Мамыр, 2024
Қарағанды дәрігерлері ауыр дертке шалдыққан екі айлық балаға күрделі операция жасап, сәбиге өмір сыйлады. №2 көпсалалы аурухананың дәрігерлеріне, кардиологиялық орталықтың хирургтеріне баланың ата-анасы алғыс жаудырды.
Қоғам • 20 Мамыр, 2024
Қара өлеңнің қағбасы саналған Қарағандыда екі күн бойы өлең-жырдың рухы желпіді. Биыл елімізге белгілі айтулы ақындардан бастап, талантты жас шайырлардың басын қосып, бүгінгі әдебиеттің даму бағытын айқындау һәм талқылау мақсатында қолға алынған республикалық «Қарағанды көктемі» поэзия фестивалі екінші мәрте желкен керді. Алқалы жиынның ашылу салтанаты Қарағандыдағы Достық үйінде өтті. Ауқымды іс-шара облыс және Қарағанды қаласы әкімдіктерінің қолдауымен, Жазушылар одағы Қарағанды облыстық филиалының ұйымдастыруымен дәстүрге айналып келеді. Ашылу салтанатында облыс әкімінің орынбасары Ермек Алпысов қатысып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің құттықтауын жеткізді.
Білім • 17 Мамыр, 2024
Мектеп оқушыларының бойындағы ұлттық болмыс деңгейі көпшілігімізді ойлантады. Олардың көпшілігі ойындағысын ана тілінде көркемдеп жеткізе алмайды. Бұл өзекті мәселе Қарағандыдағы Мағжан Жұмабаев атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Эльмира Сыздықованы алаңдатқаны соншалық, ол жақында көпшілікке авторлық «ВВ» күнделігін ұсынды. Рухани құндылықтың түрлі үлгісі тәпсірленген «Біздің болмыс» күнделігін алғаш Мағжан мектебінің 6 «А» сынып оқушылары қолданып көрді.