Шаруашылық • 11 Сәуір, 2024
Сұранысы көп «Агрохорвест» көкөнісі
Елімізде шағын және орта бизнес саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі 43 пайыздан асып отыр. Абайлық жеке кәсіпкер Әлия Жұматаеваны осы қатарға жатқызуға әбден болады.
Жәдігер • 10 Сәуір, 2024
Қазақ театр өнерінің негізін қалаушы, актер Қалибек Қуанышбаев тұтынған бұйымдар туған жері – Мартбек Мамыраев ауылындағы музейдің төрінде тұр. Жақында бұл музейге сол театр абызы Қ.Қуанышбаевтың атын берген.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2024
Қарқаралыдағы сенбілікке 100 ден аса тұрғын шықты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыстар мен қалалардың әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма беріп, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болатынын айтты. Жасыратыны жоқ, ыбырсыған қоқыс, қалай болса солай шашылған қалдықтарымыздың бетін қыс бойы қар жауып келгендей. Қар қалай ериді, қала қобырсыған қоқыстан аяқ алып жүре алмай қалады. Тазалыққа жауапты мекемелер Қарағандының қоқысын тазалап үлгермей жатыр. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев апта басын, яғни дүйсенбі күнгі жұмысын қаланың тазалығын тексеруден бастады. Аймақ басшысы дүйсенбіде Қазыбек би ауданын, сейсенбіде Әлихан Бөкейхан ауданын аралап, қос аудан әкіміне ескерту жасады.
Қоғам • 09 Сәуір, 2024
«Qarmet» шахталарды цифрландырады
«Qarmet» компаниясының барлық көмір шахтасында өндіріс үдерістерін нақты уақыт режімінде бақылауға мүмкіндік беретін DMMS цифрлық платформасы орнатылады. Бұл Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру бағытында барлық жүйені цифрландыру керек деген тапсырмасымен үйлеседі.
Аймақтар • 08 Сәуір, 2024
Қалпына келтіру жұмысына кірісті
Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайы тұрақталды. Дегенмен екінші толқын тасқын болады деген болжам бар. Соны ойлаған жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдайлар департаменті мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмысты күшейтіп жатыр. Тәулік бойы кезекшілік жүргізіліп тұр.
Шаруашылық • 05 Сәуір, 2024
Өткен жылға шаруалардың өкпесі бар. Жылда қамбаларын астыққа толтыратын оларға былтыр кедергі көп болды. Жауын-шашын мөлшерден көп жауды. Егінді киік таптады. Жердің тозғанына және қапалы. Несін жасырамыз, көп шаруа көлденең шығынға ұшырады.
Байқау • 04 Сәуір, 2024
Ұлыс күні Ташкенттен ақжолтай хабар жетті. Қарағандылық жас өнерпаздарымыз Өзбекстан астанасында өткен «Таланты Spring Fest» халықаралық өнер байқауында топ жарып, елге олжалы оралды.
Жәдігер • 03 Сәуір, 2024
Ер-тоқым мен топатай Шет ауданындағы музей сөресінде тұр. Дәуір тарихы, этнографиясы, тарихи жәдігерлер жинақталған музейдегі қос бұйым көнеден келе жатыр.
Байқау • 03 Сәуір, 2024
Қарағанды қаласындағы «Жастар» спорт кешенінде «RoboLand – 2024» IX Халықаралық роботтехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялардың фестивалі өтті. Бұл жолғы өңірімізде өтіп жатқан өнертапқыштар сайысында Ресей, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елінің өрендері бақ сынасты.
Төтенше жағдай • 02 Сәуір, 2024
Қарағанды аймағына да қарғын судан қауіп төніп тұр. Еріген қар суының кесірінен бірнеше бағыттағы жол жабылғанына үш-төрт күн болды. Бірнеше ауылға су барды. Жергілікті атқарушы орган, төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлері күні-түні қам-қарекет жасап жатыр.