Экология • 26 Сәуір, 2024
Акцияға Ассамблея мүшелері де атсалысты
Қазақстан халқы Ассамблеясының Қарағанды облысындағы өкілдері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсене қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Сәуір, 2024
Жыл бойы жұмыс істейтін жылыжай
Мектептегі білім мен ғылымды жетілдіру мәселесі әлі де күшінде. Әсіресе бұған Мемлекет басшысының өзі ерекше назарын аударып отыр. Осы мақсатта Балқаш қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің ауласында жыл бойы жұмыс істейтін жылыжай ашылды.
Қоғам • 24 Сәуір, 2024
Күміс жамбы, күміс кітап, күміс жыр
Арқа аспанынан күмбірлеп күміс өлең төгілді. Сонау Алатау төрінен халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Абзал Бөкен 75 жас мерейтойына орай еліне келіп, еркелеп қайтты. Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері ақынның ел жатқа оқитын «Шыт көйлек» секілді өлеңдерін ерекше әсермен жеткізді. Кеншілер мәдениет сарайында өткен «Күн астынан күміс жамбы жаудырған» атты кештің шымылдығы осылай түрілді.
Байқау • 23 Сәуір, 2024
Ерекше оқырманға – аудиоертегі
Көру қабілеті бұзылған оқушылар әңгіме, ертегілерді енді аудиокітап арқылы тыңдай алады. «Ертегілер әлемі» атты облыстық аудиоертегі байқауы жүлдегерлерінің аудионұсқадағы шығармалары таспаға басылып, тарту-таралғы ретінде кәдеге жарайтын болады. Мұнымен қоса, Қарағанды облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхананың ресми сайтына, «YouTube» әлеуметтік желісіне жүктеледі.
Мәдениет • 18 Сәуір, 2024
Қарағанды бүгінде мәдениеттің алтын аймағына айналып тұр. Республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі түрлі мәдени іс-шаралар Арқа жерінде абыроймен өтіп жүр. Бірақ біздің айтпағымыз басқа. Жылына жүздеген рухани кеш өткізіп жүрген орталық бар. Олардың таудай еңбегі көбіне көрінбей, тасада қалып жатады. Шындап келгенде, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы үлкен жүк арқалап жүргенін ел-жұрт біле бермейді.
Жәдігер • 15 Сәуір, 2024
Қасиетті Қарқаралы қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайының қоры XIX ғасырға тиесілі жебе ұштары жәдігерімен толықты.
Еңбек • 15 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым саласын дамыту мәселесі бойынша «Бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет», деген болатын. Президенттің бұл пәрменін, әсіресе еліміздегі жоғары оқу орындары сәтті жүзеге асырып отыр. Мәселен, күні кеше зерттеу мәртебесін алған Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің жерасты термос-жылыжайы жемісті жұмыс істеп келеді.
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Жұма күні облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жариялаған «Жүректен – жүрекке!» республикалық акциясы аясында қалалық Достық үйіндегі көмек жинау пунктінен Қостанай облысына екі жүк көлігімен гуманитарлық көмек жөнелтілді.
Қоғам • 12 Сәуір, 2024
100 мыңға жуық оқырманы бар шопан
Жастар ауылдан ат-тонын ала қашады, масылдыққа бейім деген сөз жаңсаққа айналып келеді. Қарағанды өңірінде ауылға қоныс аударып жатқан жас маман көп. Керек десеңіз, қаладағы жұмысын тастап, шаруашылық ашып жатқан жігіттер де бар. Солардың ішіндегі ең жасы, еті тірісі – Нұрбек Жәнібекұлы.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2024
Экосенбілік: Ел болып жұмылған еңбек
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облыс пен қала әкімдеріне аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде бірқатар тапсырма беріп, елді мекендер мен қоғамдық демалыс орындарын күтіп-баптау әкімдер қызметін бағалаудың тағы бір өлшемі болатынын айтқан еді.Жасыратыны жоқ, ыбырсыған қоқыс, қалай болса солай шашылған қалдықтарымыздың бетін қыс бойы қар жауып келгендей. Қар қалай ериді, қала қобырсыған қоқыстан аяқ алып жүре алмай қалады. Тазалыққа жауапты мекемелер Қарағандының қоқысын тазалап үлгермей жатыр. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев апта басын, яғни дүйсенбі күнгі жұмысын қаланың тазалығын тексеруден бастады. Аймақ басшысы дүйсенбіде Қазыбек би ауданын, сейсенбіде Әлихан Бөкейхан ауданын аралап, қос аудан әкіміне ескерту жасады.