Мұхтар КҮМІСБЕК
Мұхтар КҮМІСБЕК«Egemen Qazaqstan»
187 материал табылды

Аймақтар • 22 Қазан, 2025

Жетісудағы жәрмеңке

Республика күні қарса­ңында Жетісу облысында өңірдің 8 ауданы мен 2 қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қаты­суымен жәрмеңке өтті. Талдықорған қаласында өткен жәрмеңкеге облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев қатысты.

Ұстаз • 16 Қазан, 2025

Ұстаздар династиясы – ұрпаққа ұлағат

Қазақта «Ұстаздық – ұлы жол» деген ұғым бар. Шәкірт жүрегіне нұр құйып, білім мен тәрбиені өмірінің басты мұратына айналдырған әулеттер тарихта көп кездеспейді. Солардың бірі – Жетісу өңірінде тамыры тереңге жайылған Ахметовтер әулеті. Бұл әулеттің әр мүшесі ұстаздық жолды өмірлік миссия деп біліп, саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған.

Аймақтар • 14 Қазан, 2025

Қант қызылшасын қабылдау басталды

Ақсу мен Көксу қант зауыттары шаруалардан тәтті түбірді қабылдай бастады. Биыл екі зауытқа жалпы көлемі 528 мың тонна өнім өткізілмек. Оның ішінде 292 мың тоннасы – Ақсу қант зауы­тына, 236 мың тоннасы Көксу зауытына бағытталады.

«Таза Қазақстан» • 14 Қазан, 2025

Үлгілі аудан, өнегелі ауыл

Жетісу облысында экология­лық мәдениетті арттыру, тұрғын­дардың табиғатқа жанашыр­лық көзқарасын қалыптастыру мақ­сатын­да «Таза Қазақстан» республи­калық акциясы өтті. Ауқымды іс-шара аясында өңір­де «Үлгілі елді мекен» облыс­тық бай­қауының жеңімпаздары анық­­талып, ең таза ауылдар мен аудан ор­талықтары марапат­талды.

Еңбек • 07 Қазан, 2025

Макаронды табысқа айналдырды

Текелі тұрғыны Нина Тишкова табиғатқа деген махаббатын кәсіпке айналдыра білді. Кәсіпкер келіншек түрлі-түсті макарон өндіреді. Жай ғана макаронмен шектелмей, орман саңырауқұлақтарын да пайдаланады. Өнімдер экологиялық тазалығымен және ерекше дәмімен тұтынушылар көңілінен шықты.

Театр • 27 Қыркүйек, 2025

Бас жүлдені Абай театры алды

Жетісу төрінде, Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театрында өткен «Biken fest ІІІ» халықаралық фестивалі мәресіне жетіп, ұлт руханиятына айрықша серпін берген мәдени оқиғаға айналды. Өнер ордасы фестиваль аясында жарты ғасырлық мерейтойын да атап өтті.

«Таза Қазақстан» • 26 Қыркүйек, 2025

Тазалық жұмысы жалғасады

Жетісуда «Таза Қазақ­стан» экологиялық акциясы жүйелі түрде жү­зеге асырылып келеді. Өңірдің көркін келтіріп, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағыт­талған бастама қазірдің өзінде айтарлықтай нәти­же беріп отыр.

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2025

Жетісудағы жаңа саябақ

Талдықорған қаласы жыл сайын көркейіп, жа­ңарып келеді. Қала күні қарсаңында тұр­ғындарға ерекше тарту жасалып, «Құлагер» шағын ауданында аумағы 1,2 гектар болатын жаңа саябақ пайдалануға берілді. Бұл – «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарла­масы аясында жүзеге асқан маңызды жоба.

Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2025

Қант зауыттарының қарқыны

Биыл егіс алқаптарын әртараптандыру нәтижесінде өңірде ауыл шаруашылығы дақылдары 510,7 мың гектарға себілді. Әсіресе қант өндірісінің дамуына ерекше көңіл бөлінді. Былтыр облыста рекордтық өнім жиналып, өңірдегі екі зауыт 67 мың тонна қант өндірген. Биыл тәтті түбірдің егіс алқабы 12,1 мың гектарға қысқарғанымен, 540 мың тонна қызылша жиналады деп күтіліп отыр.

Аймақтар • 19 Қыркүйек, 2025

Ауызсу мәселесі шешімін табады

Көп ұзамай Жетісу өңірі ауызсумен толық қам­тылады. Бүгінде ішер судан таршылық көріп отыр­ған ауылдар саны едәуір азайған. Облыста ор­та­лықтандырылған сумен қамту деңгейі 92%-ды құрап отыр. Әсіресе жы­рақта жатқан шека­ра­лық елді мекендер күнде­лікті тұтынар суға қол жеткізгеніне қуа­нышты.

Яндекс.Метрика