Digital • 27 Маусым, 2024
Қазір ғылымға иек артқан білім шаңырақтарында роботтехника саласын дамыту міндеті тұр. Әсіресе жастардың қызығушылығын арттырып, заманауи технологияның тілін жетік меңгеруге баулу қажет. Осы ретте Талдықорған қаласында «РобоЖУ-2024» облыстық роботтехника олимпиадасы өтті. Жылда дәстүрлі түрде өтетін білім бәйгесіне ауыл мен қаладан 15 мектеп командасы қатысты.
Шаруашылық • 21 Маусым, 2024
Жетісуда биыл ауыл шаруашылығы саласын қолдауға 34,9 млрд теңге бөлінген. Оның 23,2 млрд теңгесі субсидия түрінде берілген. Былтыр өнім көлемі 1,2% өсіммен 57,8 млрд теңгеге жетті. Осы маусымда егіс аумағы 7 мың гектарға ұлғайып, 524,8 мың гектарды құрады. Мемлекет тарапынан қызылша өндірісіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Мұны облысқа жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин айтты.
Аймақтар • 18 Маусым, 2024
Өңірде денсаулық саласына инвестор тарту жұмыстары қолға алынып жатыр. Бұған дейін заманауи медициналық құрылғыларға инвестиция құйылған еді. Енді қаржыландырушы тараптың көмегімен онкологиялық орталық бой көтереді. Бұл іске «Kazakhmys Holding» инвестор-компаниясы тікелей жауапты болмақ.
Кәсіпкер • 17 Маусым, 2024
Ұлттың ою-өрнегін ауылда отырып-ақ брендке айналдыруға болады. Тек кәсібіне деген адалдық пен сенім керек. Мәселен, ісмер Гүлзат Нүсіпхан қазақы нақышта құрақ көрпе тігіп, үйге қажет көпшік пен бөстекке ұлттық оюларымызды қондырған. Мұны көрген жетісулықтар кәсіпкер келіншектің өнерін жоғары бағалап, осы саланы дамытуға жәрдемдеседі. Бүгінде тауарлары сұранысқа ие, тұтынушылар кезекке тұрады.
Білім • 14 Маусым, 2024
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті кейінгі жылдары шетелдік әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орната бастады. Ондағы мақсат – білімгерлердің біліктілігін шыңдау. Осы ретте оқу ордасына Польшаның Слупск қаласындағы Помор университетінің ректоры Збигнев Осадовский мен проректоры Данута Герчинска келді.
Туризм • 14 Маусым, 2024
Жетісуды аграрлы өңір дегенімізбен, табиғаты көркем өлке екенін де ұмытпаған абзал. Болашақта туризмнің де бір ошағы боларына сенім мол. Себебі жылдан-жылға осы саланың бағыты жанданып келеді. Мәселен, былтырдан бері қолға алынған «Шаған» фестивалі биыл да жоғары деңгейде өтті. Тау туризмін дамытуға бағытталған бастамаға мыңға жуық адам атсалысқан. Қызыққа толы саяхат шетелдіктерді де қызықтырып келеді.
Шаруашылық • 14 Маусым, 2024
Омарта шаруашылығының артықшылығы
Жетісу өңірінде омарташылықпен айналысып жүрген шағын шаруалардың саны 50-ден асады. Олар жетісулықтардың ғана емес, өзге облыстардың да сұранысын қанағаттандырып отыр. Өндірген балы шетел асқан кәсіпкерлер де бар. Ара селекциясымен айналысатын омарташы Сергей Питенконың өнімін Азия мен Еуропа жұрты тұтынады.
Балалар • 12 Маусым, 2024
Жетісуда аз қамтылған отбасынан шыққан балалар өңірдегі ерекше орындарға саяхаттауға шықты. Олар табиғат аясында серуендеп, тарихи мұражайларды аралады. 245 оқушы туған жеріндегі рухани шаңырақтардың шежіресіне қанығып, тұлғалар туралы мағлұмат алды. Мұндай игілікті жобалар жаз бойы жалғасады.
Өнер • 11 Маусым, 2024
Суретші біткен алғашқы және соңғы суретін балалық шағынан ұрлайды. Француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюпери «біздің шыққан тегіміз –балалық шақ» дегеніндей, кейбір көркем туынды балдаурен сәттің көркем естелігіндей көңілге ыстық келеді. Сол алаңсыз шақтар ең аяулы күндердің кітапханасындай. Біз заманауи суретші Мейіржан Нұрғожиннің «Ұшақ, ұшақ...» атты туындысынан соны көреміз.
Туризм • 11 Маусым, 2024
Соңғы жылдары Алакөл жағалауы – демалушыларға таптырмас орынға айналды. Көл суына тәнтілер мұнда қызмет көрсету деңгейінің төмендігіне де көз жұма қарайды. Биыл сол қателіктерді түзету мақсатында Алакөл ауданының әкімі Алмас Абдинов Ақши аулында орналасқан «Alakol Resort» демалыс орнында кәсіпкерлермен кездесіп, аталған мәселелерді талқылады.