Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ
Жолдасбек КӨШЕРБАЙҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
2228 материал табылды

Аймақтар • 09 Қараша, 2022

Келешегі кемел кешен

Ел экономикасын өркендетудегі жаңа бағыттың бірі – мұнайгаз химиясы. Мұ­найлы Атырауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық мұ­найгаз-химия өнеркәсібінің кең қанат жаюына серпін беретін алғашқы бірік­кен газ химия кешенінің бірінші кезеңін іске қосты. «ҚазМұнайГаз» ұлт­тық компаниясына қарасты жалпы құны 2,6 млрд доллар жұм­сал­ған кешенде жылына 500 мың тонна полипропилен шығарылатын болады. Бұл әлемдегі полипропилен өндірісінің 1 пайызын құрайды.

Қоғам • 09 Қараша, 2022

Арзан пәтер қайда бар?

Атырау қаласында 4 қабатты тұрғын үйді бұзуға сот шешімі шықты. Өйткені облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Ерлан Қабдиновтің айтуын­ша, нысан рұқсатсыз салынғаны анықталып отыр.

Медицина • 09 Қараша, 2022

Жедел жәрдемге – жүрдек көлік

Кейінгі екі жылда бюджет есебінен облыстық жедел жәрдем стансасына 60 санитарлық автокөлік берілді. Оның ішінде Hyundai, JAC, УАЗ көліктері бар. Ал жақында аталған станса тағы 20 көлікпен толықты.

Қоғам • 07 Қараша, 2022

Баспанаға жеткізетін бағдарлама

Статистикалық мәліметке сүйенсек, қазір Атырау облысында 668 090 адам тұрады. Оның ішінде 18-35 жас аралығында 111 776 (17%) адам бар. Жастар арасында баспанаға мұқтаж жандар жеткілікті. Сол себепті облыс әкімдігі мен «Отбасы банк» АҚ «Атырау жас­тары» тұрғын үй бағдарламасын іске қосуға қадам жасады.

Қоғам • 07 Қараша, 2022

Нельсонның немересі

Атырауға Оңтүстік Африка Республикасының президенті болған, саналы ғұмырын адам құқығын қорғауға арнап, Нобель сыйлығын иеленген Нельсон Манделаның немересі келді. G-Global халықаралық бағдарламасының Оңтүстік Африкадағы өкілдігіне жетекшілік ететін Ндилека Мандела С.Өтебаев атындағы Атырау мұ­най және газ университетінде ашылған «Энергетика са­ласындағы әйелдер көшбасшылығы» білім беру бағ­дарламасына қатысты.

Қоғам • 02 Қараша, 2022

Нұрсипаттың арманы

Шетелдің таны­мал университеттері кез келген жасты оқуға шақырмай­ды. Әлемнің үздік 15 университеті аты­раулық мектеп түлегі Нұрсипат Нұр­манбетоваға те­гін білім алуға ша­қырту жіберген.

Аймақтар • 31 Қазан, 2022

Атыраудың жолдары ойдым-ойдым

Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын жақсартуға септігін тигізетін инфрақұрылымның бірі – жол. Алайда бұрын пайдалануға берілген, тіпті жаңадан салынып жатқан жолдың кейбірі талапқа сай емес. Мәселен, биыл Атырау облысындағы жолдарда 300-ден астам ақау анықталды. Ал мұнайлы шаһардан Ресей Федерациясының Астрахан өңіріне бағыт алған жол құрылысында 61 ақау табылған.

Саясат • 30 Қазан, 2022

Арнайы аймақтың мүмкіндігі

Атырауда Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің көшпелі отырысы өтті. Отырысқа комитет төрағасы Серікбай Трұмов бастаған сенаторлар, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика министрліктерінің өкілдері, Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, арнайы экономикалық аймақта тіркелген кәсіпкерлік нысандарының басшылары қатысты.

Өнер • 27 Қазан, 2022

Ауыл суретшісінің галереясы

Индер ауданының Бөдене ауылында Тілек Халин деген суретші тұрады. Мәскеудегі өнер институтында қашықтан білім алған. Бала күнінен қылқаламды серік еткен.

Аймақтар • 26 Қазан, 2022

Атыраудағы айтыс

Атырауда Республика күніне орай ақындар айтысы өтті. Айтулы мерекеге арналған «Егемендігім – ерен елдігім» атты сөз сайысына Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай, Павлодар, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Астана қаласынан 16 ақын қатысты.