Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
55 материал табылды

Туризм • 14 Наурыз, 2024

Этнотуризм өріс алмай тұр

Маңғыстау – еліміздегі туризмді дамытуға әлеуеті зор облыстардың бірі. Осы саланы өрістетуге қолайлы ондыққа кіретін өңірде этнотуризмнің де салмағы басым. Тасын түртсең, тарихты ақтаратын далалық мешіттерді көруге ынтық туристердің шоғыры да қалың. Бірақ жақынды алыс ететін жол азабы сынды инфрақұрылымның ақсауы өңірдің этнотуризмнен түсетін табысын жұқартып тұр.

Қоғам • 12 Наурыз, 2024

Балаларды ширататын орталық

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 0–17 жас аралығындағы мүгедектігі бойынша тіркеуде тұратындардың қатары артып барады. 2010 жылы мүгедек есебінде тіркеуде тұрған балалардың саны 49 349 болса, 2022 жылғы деректе 104 260 адамға жеткен. Төбе құйқаңды шымырлататын цифр. Өкі­ніштісі, жыл өткен сайын ерекше балалардың қатары артқанымен, оларға ем-дом қондырып, медициналық көмек көрсететін оңалту орталықтары тек мегаполистерде ғана бар. Батыстағы өңірлерден баласын бас қалаға, болмаса Алматыға апарып емдету ата-анаға ауыр тиетіні анық.

Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2024

Атқа қонған арулар

Бекзада өнердің ұлығы саналған құсбегіліктің шыққан тегі, түп-тамыры тура­сында талас тоқтаған емес. Тарихтан ескен аңыздың желісі Жошы ханның 3 мың, хан Абылайдың 500 бүркіті мен 300 қаршығасы, сұңқары болғанын баян етеді. Құбылай ханның саятшылыққа салатын қырандарын баптайтын 10 мың құсбегісі болғаны айтылады. Құсбегілік өнер қазақ қыздарына да қонғанын әйгілеп жүрген арулар шоғыры қалыңдап келе жатқаны қуантады. Құсбегі қазақ қызының ескерткіші құмнан қашалып Еуропа құрлығында қасқайып тұр.

Туризм • 03 Наурыз, 2024

Жол азабы тұралатқан туризм

Туризм және спорт министрлігі 2019 жылдан бері топ-10 басым туристік аумақты дамыту бойынша жұмыс атқарды. Содан бері аймақтардың әлеуетін салмақтай отырып тізім ұзарып, туризм кластерін дамытуға таптырмас орындардың қатары екі есеге артты. Енді Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша туристік әлеуеті басым 20 аймақтың тізімі шықты.

Сұхбат • 16 Қараша, 2023

Бауыржан Тахауов: Иран құрамасын еңсеру мүмкін болмады

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен ІV жазғы Азия параойындарында отырып ойнайтын волейбол спортынан ұлттық құрама күміс медаль олжалады. Мақсатты меже – Азия параойындарының алтын жүлдесі еді. Бауыржан Тахауов бастаған бапкерлер жігіттерді жани отырып, 1994 және 1998 жылдары жеткен жетістікті қайталауға барын салуға сендірген, бірақ бұйырмады. Білікті маман Жәнібек Сауранбаев баптаған жылдары отырып ойнайтын волейболдан ұлттық құрама ойыншылары (сол кезеңде командада Бауыржан Тахауов та ойнады – ред.) чемпиондық тұғырға екі мәрте көтерілді. Міне, содан кейін арада 25 жыл өткенде жазғы Азия параойындарының финалына шығып, азуы алты қарыс, даңқы жер жарған Иран құрамасына есе жіберді. Ендігі дода – келесі жылы өтетін Париж жазғы паралимпиадасы. Бас бапкермен дидарласып, Азия параойындарында жігіттердің қандай қайрат қылғанын, не жетіспегенін сұрадық.