Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
860 материал табылды

Ұлттық спорт • 20 Наурыз, 2024

АҚШ ковбойын арбаған көкпар

Наурызнаманың Ұлттық спорт күніне орай еліміздің әр өңірінде түрлі іс-шара көпшілікке ұсынылды. Астана қаласындағы «Арғымақ» ат спорты сауықтыру кешенінде Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, елорда әкімдігінің қолдауымен ұлттық ойын түрлері – көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу және тоғызқұмалақ пен асық атудан арнайы сайыс өтті.

Басылым • 13 Наурыз, 2024

Оқырман қолында – «Ой салар оқиғалар»

Журналист Ағабек Қонарбайұлының «Шынайы өмірде болған ой салар оқиғалар» кітабы жарық көрді. Республикалық «Айқын», «Дала мен қала», «Жас қазақ» газеттерінде мақалалары жария­ла­нып, көзіқарақты көпшілікке қауымға есім-сойы кеңінен таныл­ған Ағабектің бұл – екінші кітабы. Бұған дейін «Машақат пен марапат» кітабы да көпшіліктің ыстық ықыласына кенелген еді.

Мәселе • 07 Наурыз, 2024

Құланның үйірі көбейсе...

Дәуренінде қазақ сахарасында үйірімен өріп, 50-жылдары жойы­лып кеткен пржевальский жылқысын көбейту мәселесі көптен бері айтылып жүр. Түрлі қадам жасалып, сан салалы жоба түзілді. 2012 жылы Үкімет қаулысымен арнайы резерват та құрылған-ды. Биылғы жылдың маусым айында «Жабайы жылқылардың оралуы» халықаралық жобасы аясында елімізге Еуропадан керқұлан әкелінбек. Сегіз бас пржевальский жылқысы Прагадан және Берлиннен ұшаққа тиеліп, алдымен Арқалыққа жеткізіледі де, содан соң Қостанай облысына жөнелтіледі.

Спорт • 29 Ақпан, 2024

Әлемнің шаңғышы журналистері Алматыға жиналады

Наурыз айының 3-9 аралығында Алматы қаласында   журналист-шаңғышылардың халықаралық  клубы (The Ski Club of International Journalists)  69-отырысын өткізеді. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылатын айтулы шараға 25 мемлекеттен 150-ге тарта  шаңғышы-журналист қатысады, деп жазады Egemen.kz.

Сенат • 29 Ақпан, 2024

Халық нақты нәтижені көруі керек – Мәулен Әшімбаев

Бұл жөнінде Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев Палата отырысында айтты. Отырыс барысында депутаттар Жайық өзенінің экологиялық ахуалы және ондағы су ағынының азаюына қатысты мәселені көтеріп, Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Болат Бекниязға сауал қойды, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 29 Ақпан, 2024

Жыл сайын 50 мың жұмыс орнын құру қажет – «Ауыл аманаты» жобасы

Бүгін Мәжілістегі «Amanat» партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында депутаттар «Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің 2023 жылғы есебін тыңдады. Жоба өз тиімділігін көрсетуде. Бүгінде шамамен 80 млрд теңге сомасына жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық 12,7 мың шағын несие берілді, деп жазады Egemen.kz партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сенат • 29 Ақпан, 2024

Синтетикалық есірткі көлемі тоннаға жетті – сенатор

Сенатор Геннадий Шиповских Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдап, елде синтетикалық есірткінің таралу проблемасы ушығып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, деп жазады Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорт • 29 Ақпан, 2024

Олимпиада жүлдегері спорт басқармасына басшы болды

Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына  Василий Левит   тағайындалды, деп жазады Egemen.kz басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дін • 29 Ақпан, 2024

Бас мүфти: Мақсатымыз – дін мен дәстүрді бабалар жолымен дәріптеу

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ қоғамында уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» тақырыбында І республикалық уағызшылар форумы өтті, деп жазады Egemen.kz мүфтияттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғам • 29 Ақпан, 2024

Коммуналдық тариф 10 есеге төмендеді – прокуратура

Табиғатты қорғау прокуратурасының шара қолдануымен  Жетісу  облысының  Панфилов, Қаратал, Ақсу, Сарқан аудандары және Текелі қаласында коммуналдық қалдықтарды шығарудың тарифтері төмендетілді, деп жазады Egemen.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.