Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ
Қуаныш НҰРДАНБЕКҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1114 материал табылды

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 23 Тамыз, 2024

Көшпелілер ойындары ұлттық мұрамыздың танымалдылығын арттырады

Төрткүл дүниенің назары Астана қаласына ауатын мезет те жақындап келеді. Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының дүбірі жақындаған сайы­н дайындық барысы да күшейе түскен. Тоқсанға тарта елге сауын айтылып, 2 мыңнан аса спорт­шыға қоса туристер де ағылатын аламанды ұйымдастырудың жа­уап­кершілігі жоғары. Маңызды доданың сән-салтанатын ке­ліс­тіре өткеру мақсатында арнайы дирекция да құрылды. V Дү­ние­жүзілік көшпелілер ойындарын дайын­дау және өткізу жөніндегі дирек­цияның басшысы Наиль Нуровпен сұхбаттасып, айтулы іс-шараға әзірлік барысын байыптадық.

Туризм • 22 Тамыз, 2024

Қоршаған ортаның тазалығын бақылайды

«Таза Қазақстан» экология­­лық акциясының негізінде қо­ғам­­дық эко-бақылау бойын­ша республикалық іс-шара басталды. Бір ай бойы жүр­гізілетін акцияға 1,5 мыңнан аса адам қатысып, 300 мони­торингтік іс-шараны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Тәрбие • 22 Тамыз, 2024

Әке институты – елдіктің тірегі

Отбасының бүтіндігі ел іргесінің нығаюына кепіл. Ал сол сүттей ұйыған шаңырақтың қабырғасы атануға тиіс отағасы қадір-қасиетін қашырса, ұрпақ тәрбиесінде жарға соқтығарымыз анық. Әке институтын қалыптастыру – отбасылық құндылықты құндақтаудың бастауы. Бала тәрбиесінде мүлт кеткен ата-ананың қоғамды игілікке бастауда ту алып жүре алмайтыны белгілі.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 21 Тамыз, 2024

Дүйім ел күткен дода

Дүниежүзілік көш­пелілер ойын­дарының дүбірі жақындап келеді. Этноспорт аламаны 8 қыркүйекте салтанатты түрде ашылып, 13 қыркүйекке дейін жал­ғасады. 89 мемлекеттен келе­тін 2 мыңнан аса спортшы 21 спорт түрінен бағын сынайтын сайысқа дайындық қызу жүріп жатыр.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 20 Тамыз, 2024

Мергендер мүлт кетпейді

Сайын даланы дүбірімен тербейтін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында садақшыларға да зор сенім артылып отыр. Олар елордадағы «Қазанат» атшабарында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, шеберліктерін шыңдап жатыр.

Спорт • 20 Тамыз, 2024

Тас көтеретін толағайлар

Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының Этноспорт аламанында толағайлар тартысы тұңғыш рет ұйымдас­тырылмақ.

Медицина • 20 Тамыз, 2024

Маймыл шешегі өршіп келеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл шешегінің таралу ауқымы ұлғайып келе жатқанын ескертіп дабыл қақты. Африка құрлығында, Еуропа елдерінде тіркелген маймыл шешегі инфекциясының таралуына жол бермей, сақтық шараларын күшейту маңызды болып тұр. Бүгінде елімізде қатерлі індет тіркелген жоқ.

Ұлттық спорт • 17 Тамыз, 2024

Жүйріктер жарысы

8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін V Дүниежүзілік көшпелілер ойындарында бәйге түрлерінен дүбірлі дода өтеді. «Қазанат» атшабарын дүбірге бөлейтін бәйгеге қандай жүйріктердің қосылатыны іріктеу сайыс­тарынан кейін анықталады.

Спорт • 17 Тамыз, 2024

Елдік нышаны

Тамыз айының үшінші жексенбісі спорт күні ретінде аталып өтеді. Бұл ретте елімізде спортқа орасан көңіл бөлініп, кәсіби шұғылданушылар мен әуесқойлардың алаңсыз шынығуына оңтайлы мүмкіндік беріліп, жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді.

Ұлттық спорт • 14 Тамыз, 2024

Жамбы атудан жүлде күтеміз

Жамбы атудан ұлттық құрамамыз V Дүние­жүзілік көшпелілер ойындарында ел намы­сын қорғайтын үздіктер анықталып, жат­тығу жиынын өткізіп жатыр. Үздік шық­қан 10 жамбы атушы көшпелілер ойын­дарына тікелей жолдама беретін 3 орын­ды сарапқа салып, іріктеу ойындарына қатыс­ты.