Университет • 19 Наурыз, 2024
C.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 30-дан аса түлегі Қытай жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура және постдокторантура бағдарламасы бойынша білім алады. Сөйтіп, оларға екі университеттің дипломы беріледі.
Білім • 18 Наурыз, 2024
Астанада жоғары білім саласына қатысты академиялық адалдық туралы семинар өтті. Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы атанған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасы білім сапасын арттыру үшін бірқатар іс атқарып жүр. Соның бірі – «Академиялық адалдық» тақырыбындағы семинар.
Білім • 14 Наурыз, 2024
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Астана қаласы мен Ақмола облысындағы білім ошақтарын аралап, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жұмысымен танысты.
Табиғат • 14 Наурыз, 2024
Син Цзяло – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің докторанты. Ол елімізге Қытайдан үкіметаралық алмасу бойынша оқуға келді. Қазір табиғат пен ауыл шаруашылғын зерттеп жүр.
Таным • 13 Наурыз, 2024
Ертедегі адамдар сезімін граффити мен хаттарға, құлпытастар мен жартастарға жазатын. Мұны тіпті «махаббат шифры» деп айтсақ та болады. Археологтер мен этнографтар тапқан Ежелгі Новгородтан бастап Осман империясы аралығындағы бізге жеткен ғашықтық хаттарына назар аударыңыз.
Егемен Қазақстан • 07 Наурыз, 2024
«Қазақ газеттері» серіктестігінің ер-азаматтары әріптес қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады. Шаттықты іс-шара ұжым басшысы Дихан Қамзабекұлы және орынбасары Владимир Курятовтың алғы сөзімен басталып, концерттік бағдарламаға ұласты. Кешті Жәнібек Әлиман мен Әсет Сыздықов жүргізді.
Білім • 06 Наурыз, 2024
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 200-ге жуық студенті Астанадағы білім ордаларында болатын өндірістік іс-тәжірибелерін бастады. Болашақ мұғалімдерге Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ізгі лебізін білдірді.
Оқиға • 06 Наурыз, 2024
Дүниеде мейірімді жүректен артық не бар? Ең ұлы істің, ең сұлу сөздің, ең нәзік гүлдің, ең мөлдір көздің тұңғиығы мейірімде жатыр. Бүгін айтқымыз келіп отырған Николас Уинтон есімді жанның әр демі мейірімнен тұрады десек, артық айтпаған болар едік. Ол жан шыдатпас азаптан 669 еврей баласын құтқарып қалған.
Қоғам • 05 Наурыз, 2024
Әскери тәлімін IT-да жүзеге асырмақ
Цифрлық технология – қай мамандықта жүрген адамды болсын өзіне тартып, баурай жөнеледі. Өзінің қаншама жыл оқып, айналасып жүрген кәсібін тастап, IT-дің арланы болуға талпынатын мамандық иелерін көріп жүрміз. Бірақ әскери маманның сандық саланың сағасына түскенін бұрын-соңды естімедік. Ал Абылайхан Айымбетов әскерден IT-ға ойланбастан кеткен. Қазір ол цифрлық саланың белді маманына айналды.
Қоғам • 01 Наурыз, 2024
Цифрландыру үдерісі елімізде қарқынды жүріп жатыр десек те, біршама олқылықтың бары белгілі. Мысалы, «+1 Илон Маск» жобасы жүргізген сауалнама нәтижесінде 196 мың ауыл баласында компьютер жоқ. Осы қайырымдылық қорының басы-қасында жүрген еріктілер қазірдің өзінде 166 ноутбукті ауыл жеткіншектеріне табыстап, жоқты жонып тауып отыр.