
Аймақтар • Кеше
Катонқарағайда тас жолдың талқаны шықты
Катонқарағай ауданында әуежай құрылысы басталғалы ауыр жүк көліктері Өскемен – Рахман қайнары бағытындағы күре жолдың Кіші Нарын – Өрнек арасындағы бөлігін бүлдіріп тастады. Осы уақытқа дейін сызат түспеген асфальт опырылып кеткен. Бұл туралы жергілікті тұрғындар айтып, дабыл қағып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • Кеше
Бұқтырманың арнасы алдағы уақытта қуат көзіне айналуы әбден мүмкін. Шығыс Қазақстанда 2030 жылға дейін алты бірдей шағын гидроэлектростанция салу жоспарда тұр. Бұл туралы ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Рамазанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 12 Сәуір, 2025
Егемен көтерген мәселе: Жаңа Бұқтырмада жаңа мектеп ашылды
Бүгін Алтай ауданы, Жаңа Бұқтырма кентінде жаңа қазақ мектебі ашылды. Салтанаттты шараға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2025
Ардагер фототілшінің көрмесі өтті
Марқакөл ауданы, Қазақстан ауылының тумасы, ардагер фототілші Қалиғұмар Қабдешевтың 85 жасқа толу мерейтойына орай Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрмесі өтіп,«Бүгінгі фотосурет – ертеңгі тарих» атты кітабының тұсауы кесілді. Салтанатты шараға айтулы азаматтармен қатар жас журналистер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 07 Сәуір, 2025
Өскеменнің бұрынғы әкімі жауапты қызметке тағайындалды
Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2025
ШҚО-да 16 адам қос азаматтық алған
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері азаматтардың екі елдің төлқұжатын иелену фактілерін анықтады. Жыл басынан бері басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы ішкі істер органдарына хабарламаған 16 адам анықталып, олардың екеуі елден шығарылды.
Аймақтар • 02 Сәуір, 2025
ШҚО-да қарғын судың алдын алу жұмыстары жіті бақылауда
Көктемгі қар суы қауіп төндіреді-ау деген аймақтарда алдын алу жұмыстары күшейтіліп, тиісті мамандардың бақылауына алынған. Өзендерде мұздар жарылып, бұлақ көздері тазартылып жатыр.
Аймақтар • 20 Наурыз, 2025
Өскемен жаңа жұмыс кестесіне көшті
Қала әкімінің орынбасары Ирина Смит 2025 жылдың 20 наурызынан бастап, қалада мемлекеттік мекемелер мен бюджеттік ұйымдар үшін жаңа жұмыс кестесі күшіне енетінін атап өтті.
Аймақтар • 11 Наурыз, 2025
Шығыста Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебі ашылды
Биыл Алтайдың арда ұлы, қазақтың классик жазушысы, драматург Қалихан Ысқақтың 90 жылдығы мен белгілі жазушы, сара сөздің шебері Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойлары қатар келіп отыр. Осы атаулы күндерге арналған облыс көлеміндегі іс-шаралар легі бүгін өлкемізге танымал айтыскер ақын, Катонқарағайдың талантты тумасы Ақтан Нұрбаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық ақындар мектебінің ашылуымен басталды. Ақтан Нұрбаев Кеңес дәуірі кезеңінде өңірімізде айтыс өнерін дамытуға ат салысқан белді ақын, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2025
Өскеменде «Workshop алаңы» ұйымдастырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмысшылардың беделін арттыру және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау мақсатында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялаған. Осыған орай Өскемендегі «Мамандығым – Мақтанышым» Workshop алаңы мектеп оқушылары, студенттер, колледждер, жоғары оқу орындарының өкілдері мен облыс кәсіпорындарының басын қосқан бірегей шараға айналды, деп жазады Egemen.kz.