Аймақтар • 27 Мамыр, 2021
Төр Алтайдағы төте жол ашыла ма?
Есімде, жаздың күні ауылдың бас жағын шаңға бөктіріп сонау Моңғолиядан «скотимпорт» Семейге мал айдап өтетін. Мыңғырған малды Жазатырға жеткізіп, одан Шындығатай түсетін...
Аймақтар • 13 Мамыр, 2021
«Малым жанымның садағасы...» деп отырған зайсандықтардың қой-қозысы қынадай қырылып жатыр. Шілікті, Жалши, Қарасай ауылдарында жүздеген бас мал өлген. Шығыс Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының мамандары малдың күйі болмаған соң қырылды десе, ауылдықтар бұл пікірді жоққа шығарып отыр. Жұқпалы ауру ма деп қауіптенеді.
Аймақтар • 04 Мамыр, 2021
Шабындық пен табындық жер жетпейді
«Бiз мына кең далаға сыймай жүрген жоқпыз, сыйыспай жүрмiз» депті ғой Ғабит Мүсірепов. Қалай дәл айтқан, ә?! Ұлтарақтай жер үшін ауылдасымен қырық пышақ болып жүрген ашкөз жер иеленушілерге қарата айтқан ба деп қаласың кейде. Колхоз, совхоз тарай сала, гектар-гектар жерді рәсімдеп алып, не өзі игермей, не өзгеге бермей отырғандар бар бүгінде. Құжаттарын заңдастырып алған соң оларға жергілікті билік те ауыз аша алмақ емес.
Сұхбат • 04 Қараша, 2020
Шекара шебіндегі аудандарда ауқымды жұмыс атқарылуда
Кешегі алмағайып заманда шалғайдағы ауыл халқы үдере көшпесе де, көбі қала жаққа ойысқан. Енді міне, шекара шебіндегі Күршім, Катонқарағай, Зайсан, Тарбағатай және Үржар аудандарының 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары бекітіліп, бірқатар жұмыс қолға алынды. Жоспарға сай басталған жұмыстардың алғашқы нәтижелері туралы бізге Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов айтып берді.