Қоғам • 09 Тамыз, 2025
Жасөспірімдерге арналған жазғы лагерь
Жастардың азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, отансүйгіштік сезімдерін нығайтып, тұлғалық дамуына ықпал ету мақсатында Ақтөбе қаласының колледждері мен жоғары сынып оқушыларына арналған «Aqtobe camp-2025» жобасы ұйымдастырылды. Үш күн бойы 50 жасөспірім Мәртөк, Қарғалы, Қобда аудандарын аралап, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік нысандар жұмысымен танысты, табиғат аясында серуендеп, экологиялық іс-шаралар ұйымдастырды.
Өндіріс • 07 Тамыз, 2025
Арнайы техникаға сұраныс артты
Өңірдегі жер қойнауын пайдаланушы компания өкілдері Ақтөбедегі арнаулы техника шығаруға маманданған «Truck Center» кәсіпорнының жұмысымен танысты. Жылына 300-ден астам көлік құрастырып, сатылымға шығарып отырған кәсіпорын өнімдері индустриялық және сапа сәйкестігі сертификаттарымен расталған.
Экономика • 24 Шілде, 2025
Ақтөбе облысында 2024 жылы қазынаның 16,9 млрд теңгесі игерілмепті. Экономика басқармасының басшысы Нұржан Мақсаттың түсіндіруінше, республикалық бюджеттің қолма-қол ақша бағыттау шотындағы қаржы жетіспеушілігіне байланысты 9,6 млрд теңге аударылмай қалған: «Ауыл аманаты» жобасының 8,6 млрд теңгесі мен жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған 912 млн теңге көлеміндегі бюджет несиесі түспеген. Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізіміндегі арзан бағадағы қантты жеткізбекші болған жосықсыз мердігер 1,2 млрд теңгені иеленіп, өнімді әкелмеген. Игерілмеген соманың ішінде Ұлттық қордың 136 млн теңгесі, республикалық бюджеттің 15 млн теңгесі, Үкімет резервінің 417 млн теңгесі және жергілікті бюджеттің 6,7 млрд теңгесі бар. Республикалық бюджеттен және Ұлттық қордан Ақтөбе облысына бөлінген нысаналы трансферттің 1,1 млрд теңгесі кері қайтарылыпты.
Аймақтар • 17 Шілде, 2025
Шығанақ тарысының тұқымы табылды
Ақтөбе қаласының іргесінде тұратын Балзия Бисенғалиқызы мен немересі Ринат Оралұлы Доспанбетов Шығанақ Берсеұлының ақ тары тұқымын сақтап қалған шаңырақ. Қазір осы үйдің ауласында көктеп тұрған ақ тары тұқымын 1970–1980 жылдары Ойыл ауданы Ш.Берсиев атындағы кеңшарды басқарған атасы Дәулетжан Доспанбетов ұзақ жыл сақтап келген екен.
Аймақтар • 12 Шілде, 2025
Жергілікті үздік тауар өндірушілер анықталды
Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында «Қазақстанның үздік тауары» және «Бір ауыл –бір өнім» көрме-конкурсының жеңімпаздары анықталды. «Қазақстанның үздік тауары» атағына тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс және химия саласы бойынша қатысқан 30-ға жуық жергілікті кәсіпорын арасынан үздік деп танылған тоғызы жыл соңында өтетін республикалық сайысқа жолдама алды. Мұнымен бір кезде «Бір ауыл –бір өнім» конкурсына қатысқан 52 тауар өндіруші арасынан 10 кәсіпкер жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 27 Маусым, 2025
Жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігін ойласақ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен құқық қорғау органдарының алқа мәжілісінде елімізде «Заң мен тәртіп» қағидатының қатаң сақталуын қамтамасыз ететін құқықтық мәдениет, азаматтық жауапкершілік идеясын қоғамда берік қалыптастыру қажеттігі атап көрсетілді. Заң мен тәртіп қағидаты жеке адамның ішкі мәдениетінен түзіліп, отбасы, жақындары, араласатын ортасына байланысты бекитінін ескерсек, мұның түпкі діңгегі адамның бала кездегі тәрбиесіне келіп тірелетінін аңғаруға болады.
Айбын • 26 Маусым, 2025
Өскелең ұрпақты отаншылдыққа баулитын жиын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына келіп, «Айбын» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысты.
Тұлға • 26 Маусым, 2025
Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада «Хансұлтан Тоғысұлы Сүйіншәлин» атты жинақтың таныстырылымы өтті. Ол 1920–1935 жылдары Ақтөбе, Риддер, Қарсақпай, Қостанайда жастар ұйымдарын құруға белсене қатысқан, 1937 жылдың желтоқсанынан 1938 жылдың маусымына дейін Халық ағарту комиссары қызметін атқарып, «халық жауы» ретінде сотталған.
Талбесік • 19 Маусым, 2025
Темір орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі – жасанды орман өсіріп, қорғау жұмыстарымен айналысатын өңірдегі тоғыз шаруашылықтың бірі. Алдағы уақытта атқарылып жатқан шаруа өз нәтижесін беріп, Темірдің айналасы қалың тоғайға айналады деген сенім басым.
Байқау • 19 Маусым, 2025
Ақтау қаласында өткен «Jas tolqyn» жас таланттар байқауынан Жетесовтер отбасының «Шашу» халықтық ансамблі Бауыржан Ақтаевтың «Қайран елім» күйін орындап, бас жүлдені жеңіп алды.