Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
499 материал табылды

Волонтер • 20 Маусым, 2025

Волонтерлар қарттарға қолқабыс жасады

Ақтөбелік жиырмаға жуық волонтер  «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында тыл ардагерлері мен жалғызбасты қариялардың үйлеріне барып қолғабыс етті. Іс-шараны  «Таза Қазақстан»  экологиялық акциясы аясында  облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмыс • 20 Маусым, 2025

Ақтөбеде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған жәрмеңкеге өңірдегі 30-дан астам  кәсіпорын, кәсіпкерлік нысандары, түрлі саладағы мекеме өкілдері қатысып, 150-ден астам жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңке өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы сауда  және қызмет көрсету саласы бойынша салалық кеңестің  бастамасымен өткізілді,  деп хабарлайды  Egemen.kz.  

Өндіріс • 17 Маусым, 2025

Ақтөбе облысында карбамид зауыты салынады

Ақтөбе облысында жобалық құны $ 1,2 млрд құрайтын карбамид  зауыты салынатын болды. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің жұмыс сапары аясында «Қытай-Орталық Азия» индустриялық-инвестициялық форумында ҚР Энергетика министрлігі, Ақтөбе облысының әкімдігі,  Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы (CNPC) және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ  арасында  жасалған келісім барысында мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балалар • 13 Маусым, 2025

Университетте оқушыларға арналған эколагерь ұйымдастырылды

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде  «Жасыл болашақ: экологиялық мәдениетті бірге қалыптастырамыз» атты оқушыларға арналған  эколагерь  ұйымдастырылды.  Оған Ақтөбе қаласындағы  алты мектептің 35  оқушысы қатысты. Жобаның мақсаты –  мектеп оқушылары арасында  экологиялық мәдениет пен саналы тұтыну дағдыларын үйрету, деп хабарлайды Egemen.kz.

Заң • 10 Маусым, 2025

Ақтөбеде екі сәбиін өлтірген әйелге қатысты сот аяқталды

Ақтөбе облыстық  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының үкімімен  үш жастағы ұлы мен он бір айлық қызын тұншықтырып өлтірген 29 жастағы әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, арнайы мекемеге емдеуге жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 09 Маусым, 2025

Қандыағашта жалған блогер ұсталды

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласының 35 жастағы тұрғыны өзін «блогермін» деп таныстырып,  төрт  азаматтан алдау жолымен он миллион теңгеден астам қаражатты иемденген, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Жастар • 04 Маусым, 2025

Студенттер саябақтарды көгалдандыру жұмыстарына араласады

Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің экология және ландшафт дизайны мамандығына оқып жатқан студенттері  қаланың орталық саябағындағы  көгалдандыру жұмыстарына  араласа бастады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 04 Маусым, 2025

Ақтөбеде мүгедек балаларға балабақша салынып жатыр

Ақтөбе қаласының Есет батыр ықшамауданында  ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған 300 орындық балабақша құрылысы басталды. Жоба құны  8 млрд теңгені құрайды. Құрылыс  мемлекетке қайтарылған заңсыз активтердің есебінен салынып жатыр,  деп хабарлайды  Egemen.kz.

Балалар • 02 Маусым, 2025

Жедел жәрдем қызметкерлері балаларына қызмет көрсетілді

Ақтөбе облысындағы  жедел жәрдем мекемесі жұмысшылары балалары арасында   «Менің ата-анам  адам жанының қорғаушысы» және «Менің ата-анам жедел жәрдем қызметкері»  тақырыптарында   сурет салудан және бейнеролик түсіруден сайыс өтті.

Қоғам • 29 Мамыр, 2025

Жүргізушілер "Жайсаң" өткізу бекетіндегі кептелісті азайтуды сұрайды

Ақтөбе облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңес отырысында  Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Жайсаң» автокөлік өткізу бекетінде енгізілген «CarGoRuqsat» электронды кезегінің тиімділігі туралы мәселе қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.