Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ
Баян ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ«Egemen Qazaqstan»
420 материал табылды

Аймақтар • 14 Наурыз, 2024

Ақтастыдағы асық үйірмесі

Әйтеке би ауданы Ақтасты орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімі және психологі Гүлнәз Тұрарова соңғы кезде ұмы­ты­лып бара жатқан ұлттық ойындарды қайта жаңғыртып, оқу материалы ретінде пайдаланып жүр. Жас ұстаздың асық ойынын сабаққа пайдалану тәжірибесі ерекше қызықты.

Мирас • 11 Наурыз, 2024

«Абат батырды» жырлаған ақын

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде ақын, жыршы, қобызшы Мәлік Әлмұратовтың өмірі мен шығармашылығына арналған «Өмір жырын жырлайды ақын жүрек» кітабының таныстырылымы өтті. Бұл жинаққа ақынның «Ақбикеш» поэмасы, «Жамал қыз», «Әйел теңдігі» өлеңдері, Жамал қыз бен Зәкәрия, Қазбай, Бедермен айтыстары, «Абат батыр» жыры енді. Жинаққа енген өлеңдер мен жырлар ақынның қызы Сұлушаш Мақашева ұзақ жыл сақтап келген қойын дәптерлерден көшіріліп, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қолдауымен жарық көрді.

Аймақтар • 04 Наурыз, 2024

Қарғын суды кәдеге жаратудың маңызы

Көктемде Ақтөбе облысындағы 15 елді мекенді су басу қаупі төніп тұр. Жақын күндері күн жылынып, жердің тоңы жібімей жатып қар бірден ерісе, өзендер арнасынан асып, төңіректегі тұрғын үй алаптарын су басуы әбден мүмкін. Қазір қыстың аязды күндерінің сақталуына қара­мастан, наурыздың алғашқы күндері ауа температурасы жо­ғарылап, айдың ортасына қарай нөсер жаңбыр жауады деген болжам бар. Облыстық ТЖД су басу қаупі жоғары тұрғын үй алап­тарында тұратын 15 337 адам­ды эвакуациялауға арналған 87 уақытша орналастыру орны, 30 шатыр мен 600 төсектік орын жабдығы әзірленгенін хабарлады.

Тағзым • 03 Наурыз, 2024

Ізтай ақынды еске алды

С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында талантты ақын әрі аудармашы Ізтай Мәмбетовтің 95 жылдығы атап өтіліп, «Табанталдан шыққан талант» атты көрме ұйымдастырылды.

Халық • 01 Наурыз, 2024

Болгар ауылында қалған балалық

Ақтөбе облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Вяра» болгар этномәдени бірлестігі ақсақалдар алқасының төрағасы Михаил Бошков туған ауылы Болгарканы жанындай жақсы көреді. Алға ауданы Сарықобда ауылдық округіне қарасты осы ауылда қазір 450 түтін бар. «Бұрын ауыл адамдары өте мейірімді, көршілер бір-бірімен туған бауырлардай тату еді. Өкінішке қарай, сол жылылық, адамдардың бір-біріне деген риясыз қарым-қатынасы жоғалып барады», дейді Михаил Константинович.

Қылмыс • 28 Ақпан, 2024

Интернет алаяқтық азаймай тұр...

Өткен жылы Ақтөбе облысының 1037 тұрғыны интернет алаяқтардың құрығына түссе, тек биылғы қаңтарда көрінбейтін қылмыскерлерден зардап шеккендер саны 102-ге жеткен.

Аймақтар • 28 Ақпан, 2024

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкеріне үкім жарияланды

Ақтөбе қаласының №2 соты облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісінің көмекшісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өнер • 19 Ақпан, 2024

Балаларды қолөнерге баулиды

Әйтеке би ауданы Тереңсай орта мектебі технология пәні мұғалімі Самат Назаровтың ауыл балаларын қолөнерге баулып жүргеніне 30 жылдан асты.

Аймақтар • 18 Ақпан, 2024

Кептелек Ақтөбеден Қарабұтаққа дейін созылды

Самара – Шымкент автожолының бойында, Ақтөбе қаласы мен Қарабұтақ елді мекені арасында 2500 жүк көлігінің қаңтарылып тұрғанына бірнеше күн болды. Жүргізушілер бір аптадан бері қардан аршылмаған жол бойында тұрғандарын, тайғаққа қарсы құм не басқа қоспалар себілмегеніне наразы.

Туризм • 01 Ақпан, 2024

Жаңа бағыт – «Dimash tour»

Жақында Ақтөбе облысының делегациясы Оңтүстік Корея мен Қытайға барып екі елдің іскер топтары мен туризм саласындағы бірқатар компания өкілдерімен кездесіп қайтты. Сеул, Пекин мен Шанхай қалаларындағы жүзден аса туристік компания өкіл­дерімен кездесуде «Visit Aktobe» туристік ақпараттық орта­лығы Ақтөбе өңірін тартымды туристік бағыт ретінде қалыптас­тырудың стратегиясын ұсынды. Соның ең бастысы – әнші Димаш Құдайберген атындағы «Dimash tour» жобасы.