Бану ӘДІЛЖАН
Бану ӘДІЛЖАН«Egemen Qazaqstan»
356 материал табылды

Құқық • 05 Сәуір, 2023

Қашқын деген қара таңба

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, қазіргі таңда қылмыс жасады деген күдікке іліккен 2,5 мыңнан астам адамға іздеу жарияланған екен. Жалпы, соңғы үш жылда елдегі қылмыстық қудалау органдары­ әртүрлі қылмыс жасады деген күдікпен 3 мыңнан астам адамды іздеуде.

Басылым • 04 Сәуір, 2023

Әр адам – өмір дәптері

Жан-жағына жылылық пен мейірім шуағын шашып жүретін жандар болады. Айналасына бір-ақ ауыз жүрекжарды сөзімен сыйлы болып, құрметке бөленіп жүретін азаматтар да кездеседі. Халқымызда «Айналайын», «Айнам» деген жүрекке нұр құятын сөздер бар. Жақыныңа ғана емес, бір көрген жатқа айтсаң да бұл сөздер адам көңіліне ерекше бір жылымық әкеледі.

Сенат • 31 Наурыз, 2023

Өңірлерді өркендету – басым бағыт

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен «Өңір» депутаттық тобының жаңарған құраммен алғашқы отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған Парламент Мәжілісінің бірінші сессиясында Парламент пен Үкіметке жүктеген міндеттерін талқылады.

Сайлау • 14 Наурыз, 2023

Байқаушыларды аккредиттеу аяқталды

19 наурызға белгіленген Парламент Мәжілісі және жергілікті мәслихаттар депутаттарының сайлауын 34 шет мемлекет пен 9 халықаралық ұйымның 300-ден астам байқаушысы бақылайды. Ал бүгіннен бастап сауалнама нәтижелері туралы ақпаратты жариялауға, сондай-ақ қайта басып шығаруға тыйым салынады. Бұл жөнінде Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен өткен Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында хабарланды.

Пікір • 13 Наурыз, 2023

Жария жүктілік

Жүкті болғанын жалпақ жұртқа жария­лайтын жаман әдет пайда болды кейінгі кездері. Аяғы ауырлағанын растайтын «екі сызықты таяқшаны» әлеуметтік желіге салып, жаңалығын еріне тосынсыймен жеткізетін келіншектердің бұл қылығын біреу түсінсе, енді біразы ерсі са­найды. Жалпы, «Жүктімін!» деп жаһанға жар салудың кімге қандай пайдасы мен қа­жеті бар?

Сайлау • 13 Наурыз, 2023

Сайлау: Өңірлер дайындығы жоғары

Орталық сайлау комиссиясы­ның төрағасы Нұрлан Әбдіров Парламент Мәжілісі және жер­гілікті мәслихаттарға сайлауды әзірлеу мен өткізу шең­берінде инспекциялық сапарын Қызылорда, Түркістан облыс­тары мен Шымкент қаласында жалғастырды.

Құқық • 10 Наурыз, 2023

Отбасылық сот: Тиімділігі мен маңызы

Отбасылық сот дегеніміз не? Бұл институттың өзге соттардан ерекшелігі қандай? Еліміздегі ювенальды соттар қай үлгіде жұмыс істейді? Жалпы, бізге мұндай жоба қажет пе? Шыны керек, отбасындағы құндылықтарға ерекше мән беріп, ұядағы тәртіп пен заңдылықты бәрінен биік қоятын біздің қоғамда бұл сұрақтардың өзектілігі әлі ортаймай келеді. Өйткені «Отбасы ала болса, кереге басы сайын бәле бар» екенін халқымыз әуелден білген.

Сайлау • 07 Наурыз, 2023

Ақпараттандыру және қолжетімділік сайлауға дайындықтың алғышарттары

Орталық сайлау комиссиясының өңірлердегі инспекциялық сапарлары бұл жолы Ақтөбе және Қостанай облыстарында жалғасты. Комиссия мүшелері Константин Петров пен Сәбила Мұстафина аймақтарға сапар аясында Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша көшпелі семинар-кеңестер өткізіп, саяси науқанға дайындықтың ең басты алғышарты – ақпараттандыру және қолжетімділік екенін атап өтті.

Қазақстан • 01 Наурыз, 2023

Ұлтаралық келісімнің басты қағидасы

Тұңғыш Президент кітапханасында демократия, әділеттілік және гума­низмге негізделген қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің болашағын көрсету мақсатында «Жаңа Қазақстан: бірлігіміз – әралуандылықта» қоғамдық дискурс өтті.

Саясат • 01 Наурыз, 2023

БҰҰ конференциясы: Қазақстан қарусыздануды жақтайды

Қазақстан Премьер-министрі­нің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің 52-сессиясының жоғары деңгейдегі сегментінде сөз сөйледі. Іс-шараға 150 мемлекеттің жоғары өкілдері, Ұйымның Бас хатшысы Ан­тониу Гутерриш және Адам құқық­тары жөніндегі Жоғар­ғы комис­сар Фолькер Тюрк қатысты.