Дана МЫРЗАҚАДІР
Дана МЫРЗАҚАДІР«Egemen Qazaqstan»
1545 материал табылды

Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023

«Сотқа шағымданамыз». Мүфтият Құран аяттарын жоққа шығарған адамға қатысты пікір білдірді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ҚМДБ соңғы уақытта әлеуметтік желіде арнайы діни білімі болмаса да осы тақырып аясында жалған ақпарат таратып жүрген Серік Рысжанов туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023

Ел азаматтары Google-да ең көп іздеген сөз қандай?

Google компаниясының Google Trends бөлімі апта, ай, жылдың «ең танымал сұрауларын» жариялап отырады. Осы сараптамалық мәліметке сүйенсек, Қазақстан аумағында 2023 жылы Google іздеу жүйесінен «Слово пацана» сөзі ең көп теріліпті, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мерекедегі жұмыс кестесі белгілі болды

Азаматтарға арналған үкімет порталы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ЦОН, спецЦон) жаңажылдық мереке күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Оқиға • 28 Желтоқсан, 2023

Сақ дәуіріне жататын зергерлік бұйымдарды ұрлаған азамат ұсталды

Семей қаласында тарихи құндылыққа жататын алтын бұйымдарды заңсыз айналымға салған азамат ұсталды. Өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті күдіктіден сақ дәуіріне тиесілі 4 алтын бұйымды тәркіледі, деп жазады Egemen.kz.

Үкімет • 28 Желтоқсан, 2023

Премьер-министр Qarmet-тегі өзекті мәселені шешуге 1 апта уақыт берді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Qarmet компаниясының қызметі, жұмысшылардың қауіпсіздігі мен өнім көлемін ұлғайту мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиынға орталық аппарат басшылары және компанияның жаңа иесі Андрей Лаврентьев те қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023

Екі өңірде жылыжай шаруашылығын субсидиялау басталды

Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы шаруаларға берілетін субсидия сомасы - 900 миллион теңге. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл қаржының басым бөлігі жылыжай шаруашылығымен айналысатындарға берілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Қаржы • 27 Желтоқсан, 2023

Қаржы министрі қызметкерлерге жаңажылдық сыйақы беру тәртібін түсіндірді

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев аталған министрлік қызметкерлері қанша теңге мөлшерінде жаңажылдық сыйақы алатынын айтты, деп жазады Egemen.kz. 

Президент • 27 Желтоқсан, 2023

Берік Уәли Президенттің жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігіне сұхбат берді. Ол Президенттің жыл бойы атқарған шаруалары мен іссапар, қабылданған қарарлар мен әлеуметтік маңызды сауалдарға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Заң • 27 Желтоқсан, 2023

Бас прокуратура Бишімбаевтың ісіне қатысты тың деректер айтты

Бас прокуратура бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың тергеу ісі қалай жүргізіліп жатқанын айтты. Әйелін асқан қатігездікпен өлтірді деп айыпталып отырған Бишімбаевқа сот 4 бап бойынша қылмыстық іс қозғаған, деп жазады Egemen.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Өнер • 27 Желтоқсан, 2023

Жаңажылдық ойыншықтың орнына - ләңгі мен асық. Шымкентте этношырша безендірілді

«Ұмай 2023» Ұлттық сыйлығының «Заманауи өнердегі үздік жоба» аталымында озық шыққан Болатбек Бейісбековтің отбасы жаңажылдық шыршаны ұлттық құндылықтарымыздың элементтерін пайдалана отырып, ерекше безендіреді. Суретшілер династиясы жаңажылдық ойыншықтың орнына - ләңгі мен асық, қобдиша, сәндік әшекей т.б. қолданады, деп жазады Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.