Дана МЫРЗАҚАДІР
Дана МЫРЗАҚАДІР«Egemen Qazaqstan»
1545 материал табылды

Экономика • 25 Желтоқсан, 2023

Артық ақша төлемеу үшін несие алғанда нені ескеру керек? Сарапшы пікірі

2019 жылы Президенттің пәрменімен 507 мың адамның несиесі кешірілген. Былтыр 30 желтоқсан күні белгілі критерийлер бойынша азаматтарды банкрот деп тану туралы заңды мемлекет басшысы мақұлдады. Мұндай шаралар тұтынушылардың төлем қабілетінің төмендеуі сынды мәжбүрліктен туып тұр. Мемлекеттік деңгейде мәселе көтеріліп, шара қабылданып жатқанымен, кәсіптен тапқан нәсібін ай сайын несие жабуға жұмсайтындар саны азаймай тұр. Биыл бұл көрсеткіш Ұлттық банктің сәуір айындағы есебі бойынша 15 триллион теңгеге жеткен. Бұл елдегі 7 939 000 адамның банкке берешегі. Бірі несиені дер кезінде өтесе, бірі қарызынан құтыла алмай «құрықталып жатыр». Соңғыларының несие шырмауынан шыға алмауы түбі түрлі әлеуметтік шиеленіске соқтырады. Ендігі жерде үкімет несие беру тәртібін қайта қарамақ.

Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2023

Экс-депутат Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

2021 жылы қаңтарда жетінші шақырылымдағы Мәжілістің ең жас депутаты болған экс-мәжілісмен Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 25 Желтоқсан, 2023

Мемлекет бағаны реттеуден бас тартады. Азық-түлік құны қымбаттай ма?

Мәжілістегі сауда саясатын дамытуға арналған Үкімет сағатында Сауда және интеграция министрі Арман Шaққалиев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мен мемлекет тарапынан шекті баға қою жайын баяндап берді. Министр әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасына бақылау Ауыл шаруашылығы министрлігі, монополияға қарсы орган, әкімдіктер, Азық-түлік корпорациясы және тұрақтандыру қорларымен бірлесіп кешенді сипатта жүргізіп жатқанын айтты, деп жазады Egemen.kz.

Экология • 25 Желтоқсан, 2023

Леонардо Ди Каприо Қазақстан халқын құттықтады

Америкалық актер Леонардо Ди Каприо Қазақстанды киіктің көбеюімен құттықтады. Ол әрқашан әлеуметтік желідегі парақшасында жойылу қаупі жоғары фауна, флора байлықтарын еске салып, қорғауға үндеп отырады. Леонардо Ди Каприо, тіпті, өзін Instagram парақшасында актер әрі табиғат қорғаушысы деп таныстырады, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2023

Рудныйда жүргізуші полиция қызметкерін көлік капотында сүйреп әкетті

22 желтоқсан күні сағат бір шамасында Рудныйдың Корчагин көшесінде Тойота жүргізушісі полиция бекетінің жанындағы мүгедектерге арналған тұрақ белгісінің жанында тоқтаған. Заң бұзушылықты ескертпек болған полицейді жүргізуші көлік капотында сүйреп әкеткен, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елорда • 22 Желтоқсан, 2023

Астанаға көшуге шектеу қойыла ма? Әкім жауап берді

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек орталық крммуникациялар қызметінде елорданың әлеуметтік, экономикалық, демографиялық өсуіне қатысты БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023

Жаңа жылда шырша безендіру салты қайдан пайда болған?

Тоғыз күннен кейін жаңа жыл табалдырықтан енеді. Бұл мерекені тойлау, әсіресе, балғын балалар үшін қызық әрі көңілді. Жаңа жылды жарқыраған жасыл шыршасыз елестету мүмкін емес.  Шырша қашан мереке символына айналды, жаңа жылда не үшін шырша безендіріледі? Тарихы мен тақырып аясында қалыптасқан түсініктерді тарқатсақ?

Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023

Нұрлан имам мешіт алдына өзге ғибадат орындарында жоқ қондырғы орнатқызды

Нұрлан қажы Байжігітұлы, көпшілікке Нұрлан имам деп танылған азамат Астанадағы Ырыскелді қажы мешітінің алдына өзге ғибадат орындарында жоқ құрылғы орнатқызды. Ол бұл жаңалық туралы Instagram парақшасында бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

Қоғам • 22 Желтоқсан, 2023

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап қандай төлемдер өседі, не өзгереді?

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап, елімізде айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 7 пайызға, яғни, 3450 теңгеден 3692 теңгеге өседі. Осыған байланысты әлеуметтік жәрдемақылар мен бюджетке төленетін салық, айыппұл мөлшері де артады, деп жазады Egemen.kz.

Ауа райы • 22 Желтоқсан, 2023

Елімізде жаңа жыл қарсаңында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК жаңа жыл қарсаңындағы ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің дерегіне сүйенсек, алдағы жаңа жылдық мереке күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, деп жазады Egemen.kz.