Дана МЫРЗАҚАДІР
Дана МЫРЗАҚАДІР«Egemen Qazaqstan»
1545 материал табылды

Спорт • 17 Желтоқсан, 2023

«Сәлем, Шавкат досым». Ағылшын журналисі Рахмоновқа қазақша тіл қатты (видео)

Шавкат Рахмонов UFC 296 турнирінде америкалық Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын қылқындыру әдісімен жеңді.  Шавкат жеңісті жекпе-жегінің алдында TNT Sports ағылшын арнасына сұхбат берген еді. Журналист сұхбатты қазақ тілінде бастап, Шавкаттың жүзіне күлкі үйірді, деп жазады Egemen.kz.  

Спорт • 17 Желтоқсан, 2023

Шавкат Рахмонов мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Отандасымыз Шавкат Рахмонов америкалық атақты UFC жауынгері Стивен Томсонды 2 раундтың соңғы секундтарында қылқындыру әдісімен жеңіп кетті, деп жазады Egemen.kz

Спорт • 17 Желтоқсан, 2023

Шавкат Рахмонов — Стивен Томпсон жекпе-жегінің тікелей көрсетілімі

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC 296 турнирі басталды. Осы турнир аясында отандасымыз Шавкат Рахмонов та алты бұрышқа шығады, деп жазады Egemen.kz.

Бокс • 15 Желтоқсан, 2023

Асланбек Шымбергенов нокаутқа түсіп қалды

Бүгін Beeline Arena-да өтіп жатқан бокс кешінде отандасымыз Асланбек Шымбергенов мексикалық қарсыласына есе жіберді, деп жазады Egemen.kz. 

Спорт • 15 Желтоқсан, 2023

Роналду мен Месси танымал спортшылардың ондығына ілінбей қалды

Google компаниясы қолданушылары арасында 2023 жылдың ең танымал 10 спортшысын анықтады. Биыл бұл тізімнен португалиялық футболшы Роналду мен аргентиналық аяқдоп шебері Месси табылмады, деп жазады Egemen.kz.

Білім • 15 Желтоқсан, 2023

«Стипендиясы 7200 еуро». Еуропа университеттерінде қалай тегін оқуға болады

Білім кеңістігінде шекара жоқ. Оқимын, ізденемін, үйренемін деп талап танытқандар тұсауланбайды. Шеберлігін шетелде шыңдап, сапалы білім алуды көздегендердің көңілі Еуропа елдеріне ерекше ауып тұрады. Түркияда магистратура бойынша тәлім алып, ғылыми ізденісін Италияның Рим қаласында жалғастырып жатқан біздің бүгінгі кейіпкер Әйгерім Махамбетқызы Еуропада оқудың озат тұсы «еркіндік пен теңдік» дейді. Римдегі Ла-Сапиенца университетінің студенті ҰБТ тапсырмай-ақ, IELTS құжатынсыз Еуропаның үздік университеттерінде тегін оқудың тетіктерімен бөлісті.

Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023

Қарлы боран, көктайғақ салдарынан Жамбыл облысында жолдар жабылды

Жамбыл облысында қарлы боран, көктайғақ салдарынан жол көрінбей қалып, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының 163-тен 230-шақырымына дейінгі учаскесі (жаңа Қордай асуы), «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының Астана қаласы бағытындағы 125-шақырымы, Түркістан облысымен шекарада Шақпақ ауылы маңындағы Күйік асуы уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 15 Желтоқсан, 2023

«Барымды саламын»: Шавкат Рахмонов АҚШ-та қазақша сөйледі

Отандасымыз аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC 296 турнирі алдындағы ресми баспасөз конференциясына қатысты. Алты бұрышта жеңіліп көрмеген жерлесіміз турнирге дайындығы туралы айтты, деп жазады Egemen.kz.

Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2023

Қыстың көзі қырауда құлпынай өсірген шаруа

Түркістан облысында Ордабасылық шаруа жыл он екі ай құлпынай өсіріп отыр. Қыстың көзі қырауда да егін мен жиын-терімді тоқтатпайтын Мұхтар Әлеуханов қыста нарыққа шыққан көкөніс, жемістер «дәріленген» деген түсініктен арылатын кез жетті дейді. Себебі шаруа облыстағы жылыжай иелері кез келген жемісті қыста да өсіруге дағдыланғанын айтты, деп жазады Egemen.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қоғам • 15 Желтоқсан, 2023

Жалған жарнама жасаған блогерлер мен спортшылар жазаланады

Желіде тағамды асыра сілтеп жарнамалаған спортшылар мен блогерлердің ақпараты тексерілді. Тексеру қорытындысында Алматы облысы прокуратурасы құрамында жарнамада айтылған белсенді қоспалары жоқ, бұрыс айтылған дерегі үшін бірнеше өндіруші компанияны жазаға тартты, деп жазады Egemen.kz.