Футбол • 08 Қаңтар, 2026
27 жастағы израильдік жартылай қорғаушы алматылық Офри Арад «Қайрат» клубындағы мансабын келісімшарт мерзімінің бітуіне байланысты аяқтады. Ол «Қайрат» сапына 2023 жылы қосылып, бастапқыда орталық қорғаушы ретінде команда намысын қорғады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Қаңтар, 2026
Өткен түні Алматы қаласындағы Солтүстік айналым тасжолында орналасқан қоймадан ірі өрт шықты. Бірінші өрт сөндіру жасақтары келгенде қойманың ашық жалынмен жанып жатқаны анықталған, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
2026 жылғы діни күнтізбе: Ораза қашан басталады?
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) 2026 жылға арналған діни мерекелер мен маңызды күндердің кестесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 06 Қаңтар, 2026
Елімізде жекеменшік мектептерді қаржыландыру мәселесі қайта қаралады
Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты бағдарламалық сұхбатында берген тапсырмаларын орындау шеңберінде жекеменшік білім беру және медициналық ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру жүйесін реформалау жөнінде жиын өткізді, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 06 Қаңтар, 2026
Елімізде барлық мемлекеттік қызмет бір платформаға көшіріледі
Елімізде мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бірыңғай цифрлық платформаға кезең-кезеңімен көшіру басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 06 Қаңтар, 2026
Маңғыстауда қатты тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын полигондар жетіспейді
Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында қалдықтарды басқару жүйесіне түсетін жүктеменің артуына байланысты проблема туындап отыр. Қайта өңдеу қуатының жетіспеуіне байланысты Баянды ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны тек өз аумағындағы ғана емес, Ақтау қаласынан, сондай-ақ Түпқараған ауданының бірқатар ауылынан келетін қоқысты қабылдауға мәжбүр. Жағдайды көзбен көріп, нақты шешімдер әзірлеу үшін нысанға Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Еділ Жаңбыршин барды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Қаңтар, 2026
Елімізде мұқтаж жандарға коммуналдық тарифтер бойынша көмек көрсетіледі
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің бағдарламалық сұхбатының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді. Үкімет басшысы фискалдық саясатты қайта құру бақылау жасауға емес, серіктестік орнатуға баса мән бере отырып, жүргізілуге тиіс екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Тағайындау • 06 Қаңтар, 2026
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 06 Қаңтар, 2026
2026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды: Президент жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әлем • 06 Қаңтар, 2026
БАҚ: Иранның рухани жетекшісі Мәскеуге қашуды жоспарлап отыр
Иранда экономикалық дағдарыс пен инфляция салдарынан туындаған қақтығыс басылмай тұр. The Times газеті елдегі қақтығыс күшейе түссе Иранның жоғарғы рухани және саяси жетекшісі Әли Хаменеи «Б» жоспарын әзірлеп жатыр деп мәлімдеді. Басылым дерегінше, наразылықты басу әрекеті сәтсіз болса Әли Хаменеи елден кетпек, деп жазады Egemen.kz.