Қоғам • 29 Желтоқсан, 2023
Адай жылқысы ұлттық бренд ретінде тіркелді
Бүгін Әділет министрлігі Адай жылқысының 6 түрін жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеді. Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 29 Желтоқсан, 2023
Аптасына әр адам еркінен тыс несие картаның салмағындай пластик жұтады - зерттеушілер
Бүгінде микропластиктер тіршілігімізге етене еніп кеткен. Күнделікті тұтынатын азық-түлігіміз бен гигиеналық құралдар, кей ас үй жабдықтары пластиктен жасалған дорбада сақталады, пластик материалдан жасалады. Астың құрамына микропластиктің еніп кетуіне осының өзі жеткілікті. Зерттеуші ғалымдар пластиктің адам ағзасына қаншалықты зиян екені толық зерттелмесе де, қазір анық болған жайттардың өзі ағзаның әлсіреп, аурушаң болуына елеулі ықпал ететінін ескертіп отыр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
ДНҚ расталмапты, бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы тағы іздеймін деп отыр
Бүгін «Бармысың, бауырым?» хабарының тікелей эфирінде бельгиялық баланың анасы болуы мүмкін делінген жанның сараптама нәтижесі жарияланды. Хабар редакциясының зерттеулері нәтижесінде, «Жәнібектің (Jani Eddy J Saveliev) анасы болуы мүмкін» деген келіншек ДНҚ сараптамасын тапсырған еді. Өзін Мұрат деп атағанды ұнататын бельгиялық баланың үміті ақталмады. ДНҚ сараптамасы теріс нәтиже көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2023
2100 аққала. Қостанайлықтар әлемдік рекорд орнатты
Қостанай облысындағы Қамысты ауылының тұрғындары әлемдік рекорд орнатты. Олар осы аптадағы аймақта болған қарлы боранға қарамастан қытайлықтар орнатқан рекордты басып озды. Десе де Қамыстының көрсеткіші, әзірге, тек Қазақстан рекордтар кітабына тіркелді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
«Сотқа шағымданамыз». Мүфтият Құран аяттарын жоққа шығарған адамға қатысты пікір білдірді
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ҚМДБ соңғы уақытта әлеуметтік желіде арнайы діни білімі болмаса да осы тақырып аясында жалған ақпарат таратып жүрген Серік Рысжанов туралы мәлімдеме жасады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
Ел азаматтары Google-да ең көп іздеген сөз қандай?
Google компаниясының Google Trends бөлімі апта, ай, жылдың «ең танымал сұрауларын» жариялап отырады. Осы сараптамалық мәліметке сүйенсек, Қазақстан аумағында 2023 жылы Google іздеу жүйесінен «Слово пацана» сөзі ең көп теріліпті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2023
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының мерекедегі жұмыс кестесі белгілі болды
Азаматтарға арналған үкімет порталы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ЦОН, спецЦон) жаңажылдық мереке күндерге арналған жұмыс кестесін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 28 Желтоқсан, 2023
Сақ дәуіріне жататын зергерлік бұйымдарды ұрлаған азамат ұсталды
Семей қаласында тарихи құндылыққа жататын алтын бұйымдарды заңсыз айналымға салған азамат ұсталды. Өңірдегі Ұлттық қауіпсіздік комитеті күдіктіден сақ дәуіріне тиесілі 4 алтын бұйымды тәркіледі, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 28 Желтоқсан, 2023
Премьер-министр Qarmet-тегі өзекті мәселені шешуге 1 апта уақыт берді
Премьер-министр Әлихан Смайылов Qarmet компаниясының қызметі, жұмысшылардың қауіпсіздігі мен өнім көлемін ұлғайту мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиынға орталық аппарат басшылары және компанияның жаңа иесі Андрей Лаврентьев те қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Желтоқсан, 2023
Екі өңірде жылыжай шаруашылығын субсидиялау басталды
Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы шаруаларға берілетін субсидия сомасы - 900 миллион теңге. Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл қаржының басым бөлігі жылыжай шаруашылығымен айналысатындарға берілетінін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.